Білім сапасын арттырудағы мұғалім шығармашылығының рөлі.

Білім сапасын арттырудағы мұғалім

 шығармашылығының рөлі.

 


Білім сапасы-қоғамдық білім беру үрдісінің жағдацын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін аңықтайтын әлеуметтік категория.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … «Мұғалім қандай болса, мектепте сондай болашақты. Яғни мұғалім білімді болса, мектепте балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан  хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тірегі-ұстаз. Сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі шығармашылық қызмет.

Сапа өздігінен келмейді. Оны жоспарлау керек. Білім мекемесіндегі сапаға жету жолында негізгі жауап беруге тиісті сұрақтар: Біздің негізгі мақсатымыз не? Міндетіміз ше? Көрсеткішіміз және оның мәне не болмақ Біздің тұтынушымыз кімдер? Олар бізден не күтеді?

Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы-бұл көзделген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі:

Ол:

-оқушыларды бірінші орынға қою

-жоғары сапалы қызметпен қамту.


Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың маңызы зор.