Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен Бақа»

Сабақтың  тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен Бақа»

Сабақтың  мақсаты:а) А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Мысалдың мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу


ә) Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

б) Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:   мысалды талдау, мәнерлеп оқу

Сабақтың типі:   жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың барысы.


 I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысымы мен класс тазалығын тексеру.

 

II Үй тапсырмасын сұрау.

-Ертегінің неше түрі бар?

-Әдеби ертегінің жай ертегілерден қандай айырмашылығы бар?

-Ә.Тәжібаев деген кім?

 

  • Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?

«Ел басына ауыр кун туса мен не істер едім?» тақырыбына берілген ой-толғауларын оқыту. Ерлік туралы мақал-мәтелдерді сұрау.

III Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

 

Оқулықтағы  мысалға, аллегорияға берілген түйінді оқушы дәптерлеріне жаздыру.

  1. «Өгіз бен Бақа» мысалын мұғалімнің оқуы.
  2. Оқушыларға мәнерлетіп оқыту.

 

Жуан,жіңішке сұрақтар қою арқылы түсінігін айтқызу.

  1. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?
  2. Бақаны әлекке салған қандай сезім?
  1. Қызғаныш пен ерегіске, күншілдікке бой алдырған Бақа қандай күйге душар болды?

 

Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін компазияциялық құрылымын талдау.

*Кейіпкер мінезін ашу

*Ой-тұжырым жасау

*Тілі мен суреттеу тәсілін табу

*Мысал өлеңнің тақырыбы мен идеясын табу

*Өлең мазмұнын талдау арқылы оқушы ойларын ортаға салу

 

 

Компазияция

лық

элементтер

Композиция

лық жоспар

Ой-пікір

мінездеме

Ой-тұжырым,

Мақал-мәтел, нақылдар

Тілі Суреттеу

 тәсілі

1Оқиғанның

басталуы

Өгіздің көлге келуі  эпитет 
2БайланысыБақанның Өгізді

күндеуі

Күншіл,

іштар

Күншілдің

өлімі таяу

 Монолог
3ДамуыМақтаншақ

Бақаның

жолдасымен

пікірлесуі

Қызғаншаққызғаншақты

Қарақшы ұрады

ТеңеуДиалог
4ШиеленісуіБақаның Өгіз

сияқты болуға

тырысуы

Мақтаншақ

Ойы таяз

Ғылым таппай

мақтанба

Теңеу 
5Шарықтау

шегі

Бақаның

ісіп-қабынуы

КөрсеқызарАзап шеккің келмесе көрсе қызар болсаТеңеу 
6Оқиғаның

шешімі

Бақаның

жарылып өлуі

Әлін

білмейтін

Әлін білмеген әлек  
7Автордың

Түйінді сөзі

  «Таласпа жаным-ай. Қолыңнан келмеске.

Боларсың бақадай,

Көп түссең егеске»

  
8ИдеясыКүншіліктен, қызғаншақтықтан,

көрсеқызарлықтан

аулақ болу

    

 

 

Бағалау.

Үйге тапсырма: 1.  А. Байтұрсынұлының  шығармашылығы туралы қосымша мәлімет

  1.  «Өгіз бен Бақа»  жатқа оқу