Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сан есімнің түрлері, есептік және реттік сан есімдер
жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.



Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сү_рау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сан есімнің мағынасына (нені білдіруіне) қарай алты түрге бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, болжалдық сан есім, топтау сан есім, жинақтық сан есім, бөлшектік сан есім. 1 .Есептік сан есім.

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сүрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он, жүз екі, т.б. есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады. 2. Реттік сан есім.

Реттік сан есім заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сүраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер олар дауысты дыбысқа бітсе, -ншы, —нші, ал дауыссызға аяқталса, -ыншы, -інші жү_рнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір+інші, екі+нші,т.б.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондай да сан есімдердің жазылуы мына төмендегіше болады:

  1. Реттік сан есімдер араб цифрмен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы,

-нші жүрнағының орнына дефис (-) қойылады. Мысалы: Ол 6-қатардан орын алды.

  1. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жүрнақтың орнына дефис қойылмайды.
    Мысалы: Шығарманьщ II томы.
  2. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан
    кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа үшты.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 162-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып, қүрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазыңдар және олардың қүрамын анықтаңдар, сұрақтарын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 163-жаттығужүмысының орындалу шарты төмендегідей: Есептік сан есімдерді қатыстырып сөзбен есеп қүрастырыңдар.

Келесі тапсырма: 164-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.

Келесі тапсырма: 165-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдерді оқып, реттік сан есімдердің қалай жасалғанын және сүрақтарын айтыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 166-жаттығу жүмысының шартын түсіндіремін: Реттік сан
    есімдерді қатыстырып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.