Таңдау операторы

Сабақтың тақырыбы: Таңдау операторы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға таңдау операторы туралы жалпы түсінік беру,таңдау операторының негізгі қызметші сөздерімен, оның жазылу формаларымен таныстару.


Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру, есепті жүйелі түрде шығаруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін сақтауға, тапсырманы дер кезінде орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: тақтадағы сызбанұсқа

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова


  1. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
  3. Жаңа тақырып өту.

Ал, енді бүгінгі біздің жаңа тақырыбымызға көшейік. Жаңа тақырып «Таңдау операторы». Барлығымыз дәптер, кітаптарымыздағы 83 бетті ашамыз. Бүгінгі тақырыпты, күнді жазамыз.

Таңдау операторы бірнеше оператордың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады. Тармақталу берілген логикалық мәнге ие болатын өрнек түріндегі шартты тексеруден басталады, өрнек мәндері таңдап аланған типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық типтердің бірінде жазылады. Бұл өрнек оператор орындалар кезінде белгілі бір мәнге ие болуы керек. Егер өрнектің есептелген мәні көрсетілген мәннің біріне сәйкес келсе, сол қатардағы оператор орындалады.

CASE таңдау операторы көп тармақты алгоритмдерді барынша қарапайым және көрнекі түрде жазуға мүмкіндік береді. Оның құрамында селектор ( selector- таңдау) деп талатын өрнек және параметрлер тізімі болуы тиіс, әрбір параметрге сәйкес таңдау тұрақтылары болуы тиіс.

Таңдау операторы төмендегідей түрде жазылады:

Case <селектор-өрнек> of

<1- тұрақты>: <1- оператор>

<2- тұрақты>: <2- оператор>

…………………………………….

<n- тұрақты>: <n- оператор>

Else <n+1- оператор>

End.

Таңдау операторы былай орындалады. Алдымен, селектор- өрнек мәні есептеледі де, ол тұратылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1- тұратыға тең болса, онда 1- оператор орындалады, ал өрнектің мәні 2- тұрақтыға тең болса, онда 2 – оператор , 3- тұрақтыға тең болса, онда 3- оператор т.б тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен орындалады.Егер селектор — өрнектің мәні ешбір тұрақты мәніне сәйкес келмесе, онда else сөзіненн кейін тұрған оператор орындалады. Кейде оператор құрамында else қатары болмайды, онда end сөзінен кейінгі тұрған жол орындалады.

Өрнектің және тұрақтылардың мәндері бір типке жатып, олар бүтін сандық, логикалық немесе символдық типтердің бірі болуы тиіс.

CASE операторын қолданғанде келесі ережелерді есте ұстаған жөн:

  1. CASE  сөзінен кейінгі өрнек мәні дискретті типке ( лат. Discretus – үзікті, өсуі не кемуі бойынша бөліп алуға болатын) жатуы тиіс, бүтін санда тип үшін ол integer болады.
  2. Операторлар алдындағы тұрақтылар типі  селектор- өрнек типімен бірдей болуы керек.
  3. Тұрақтылар міндері бір-бірінен айрықша болып, қайталанбауы тиіс, олардың мәні диапазонға сәйкес келгенде  де, бір-бірімен қиылыспай өз аралықтарын ғана қамтуы тиіс.

Мысалдар:

CASE k+1 OF

4:z:= y* (a-b);

5: y:= SQR (x);

7: WRITE (a,b);

11: y:= SQRT( x)

END.

Мұнда к+1 өрнегінің мәні 4- ке тең болса, онда z  есептелінетін 1- оператор 5- ке тең болса, у мәнін шығаратын 2- оператор т.б орындалады.

Өрнектің мәні сиволдық типте болуы да мүмкін, онда тұрақтылар да символдық типте болуы  керек.

Кітаптағы 86-88 беттердегі мысалдарды қарсатыру.есептерді компьютерде орындату.

3.Жаңа тақырыпты бекіту.

Жаңа тақырыпты сұрақ- жауап арқылы бекіту.

 

  • сұрақ. Таңдау операторы не үшін қажет? (Таңдау операторы бірнеше оператордың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады.)

2-сұрақ: Таңдау операторы қалай орындалады?( Алдымен, селектор- өрнек мәні есептеледі де, ол тұратылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1- тұратыға тең болса, онда 1- оператор орындалады, ал өрнектің мәні 2- тұрақтыға тең болса, онда 2 – оператор , 3- тұрақтыға тең болса, онда 3- оператор т.б тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен орындалады.Егер селектор — өрнектің мәні ешбір тұрақты мәніне сәйкес келмесе, онда else сөзіненн кейін тұрған оператор орындалады. Кейде оператор құрамында else қатары болмайды, онда end сөзінен кейінгі тұрған жол орындалады. )

3- сұрақ:Таңдау операторы мен шартты оператордың айырмашылығы неде?

4-сұрақ: CASE  операторының шартына қойылатын талаптар .( 1.CASE  сөзінен кейінгі өрнек мәні дискретті типке ( лат. Discretus – үзікті, өсуі не кемуі бойынша бөліп алуға болатын) жатуы тиіс, бүтін санда тип үшін ол integer болады.

2.Операторлар алдындағы тұрақтылар типі  селектор- өрнек типімен бірдей болуы керек.

3.Тұрақтылар міндері бір-бірінен айрықша болып, қайталанбауы тиіс, олардың мәні диапазонға сәйкес келгенде  де, бір-бірімен қиылыспай өз аралықтарын ғана қамтуы тиіс. )

  1. Практикалық жұмыс.

Есеп№1

Қолданушыдан айдың нөмірін сұрап, номерге байланысты жыл мезгілдерінің аттарын экранға шығаратын программа құр. Егер қолданушы дұрыс сан енгізбесе мәлімет қате енгізілді деген жауап шығару керек

Program e1;

Var

A: integer;

Begin

Writeln (‘жыл мезгілдерін экранға шығар’ );

Readln (A);

Case <A> of

12,1,2:writeln (‘қыс’);

3,4,5: writeln (‘көктем’) ;

6,7,8: writeln (‘жаз’);

9,10,11: writeln (‘күз’);

Else writeln (‘мәлімет қате’);

End;

End.

Есеп№2

Қолданушыдан апта күндерінің нөмірін сұрап, жұмыс күні, сенбі және жексенбі демалыс күндері жауаптарының бірін шығаратын программа құр.

Program e1;

Var

A: integer;

Begin

Writeln (‘апта күнін енгіз’ );

Readln (A);

Case <A> of

1..5:  writeln (‘жұмыс күні’);

6..7: : writeln (‘демалыс’);

Else writeln (‘мәлімет қате’);

End;

End.

4.Сабақты қортындылау.

Бағалау

Үйге тапсырма беру: кітаптағы 83-88 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!