Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларға сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар тақырыбында жалпы білім беру, алдыңғы тақырыппен ұштастыру. Пайдаланылатын функциялар менпроцедуралар жайында түсінік беру.


Дамытушылық: Оқушылары функциялар мен процедураларды дұрыс қолдана білуге, олар арқылы есеп шығарғанда пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Есепті дұрыс , тиянақты шығаруға, компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: коипьютер, оқулық

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова


  1. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі                 2    мин

  1. Үй тапсырмасын сұрау 10 мин

3.Жаңа тақырып өту                    15  мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту           10 мин

5.Сабақты қортындылау              3 мин        

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

  1. 2. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ- жауап арқылы.

1) Жолдық тұрақты дегеніміз не?

2) Тіркестік айнымалылардың ұзындығы қалай анықталады?

3) Тіркестік өрнек дегеніміз не?

4) Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?

 

3.Жаңа тақырып өту.

Кітапта 115 бетті ашамыз, бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазып қоямыз. «Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар» тақырыбы.

Паскаль тілінің стандартты функциялары:

CHR(I)— I  санына сәйкес символды береді.

ORD(S)- S  символының бүтін сан түріндегі кодын береді .

COPY (St, Poz, N)— St сөз тіркесінің  Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған   N символ көшіріліп алынады. St- тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сан. Егер сөз тіркесі ұзындығынан  N болса, нәтиже бос символ болады.

CONCAT (S1,S2…,SN) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орны бойынша біріктіреді.

Pos (S1,S2) – S1 кіші сөз тіркесінің одан ұзынырақ S2 сөз тіркесіне кіретінін немесе кірмейтінін анықтайды. Бұл функция нәтижесі бүтін сан боладыда, S1 –дің  S2-дегі алғашқы символы нөміне сәкес келеді. Егер S1 тіркесі S2 тіркесіне кірмейтін болса, нәтиже 0-ге тең болады.

LENGTH(S) – S тіркестік айнымалысының мәніндегі символдар санын береді..

UPCASE(CH)-   латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріпке айналдырады.

Паскаль тілінің сөз тіркестерін өңдейтін процедуралар:

DELETE(S,Poz,N)— S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап,  N символды өшіреді де , нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.

INSERT (S1,S2,Poz) – S1 сөз тіркесін  S2 тіркесінің  Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.

STR(I,S) –I санын символдар тіркесіне аусытырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады, I атауынан кейін шығару пішімін (I:2) көрсетуге болады.

VAL(S, I, Cod)- S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да , нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. Cod – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болса , cod=0 – нәтиже дұрыс, ал cod<>0 – нәтиже қате .

4.Жаңа тақырыпты бекіту

1) паскаль тілінің қандай стандартты тіркестік функциялары бар ? Олардың міндеттері қандай?( CHR(I)— I  санына сәйкес символды береді.

ORD(S)- S  символының бүтін сан түріндегі кодын береді .

COPY (St, Poz, N)— St сөз тіркесінің  Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған   N символ көшіріліп алынады. St- тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сан. Егер сөз тіркесі ұзындығынан  N болса, нәтиже бос символ болады.

CONCAT (S1,S2…,SN) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орны бойынша біріктіреді.

Pos (S1,S2) – S1 кіші сөз тіркесінің одан ұзынырақ S2 сөз тіркесіне кіретінін немесе кірмейтінін анықтайды. Бұл функция нәтижесі бүтін сан боладыда, S1 –дің  S2-дегі алғашқы символы нөміне сәкес келеді. Егер S1 тіркесі S2 тіркесіне кірмейтін болса, нәтиже 0-ге тең болады.

LENGTH(S) – S тіркестік айнымалысының мәніндегі символдар санын береді..

UPCASE(CH)-   латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріпке айналдырады.)

2) паскаль тілінің қандай стандартты тіркестік процедуралары бар? Оларды қалай қолданады және олар қандай міндет атқарады?( DELETE(S,Poz,N)— S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап,  N символды өшіреді де , нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.

INSERT (S1,S2,Poz) – S1 сөз тіркесін  S2 тіркесінің  Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.

STR(I,S) –I санын символдар тіркесіне аусытырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады, I атауынан кейін шығару пішімін (I:2) көрсетуге болады.

VAL(S, I, Cod)- S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да , нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. Cod – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болса , cod=0 – нәтиже дұрыс, ал cod<>0 – нәтиже қате .  )

  1. Практикалық жұмыс

Есеп№1

Тіркестік айнымалының мәні ретінде берілген символдар саны 20- дан артпайтын сөзді кері жазатын программа құру.

Program Kerisoz;

Var i: integer; soz:string [20];

Begin

Write (‘бір сөз енгіз’);

Readln (soz); Writeln(‘Кері сөз’);

For i:= length(soz) downto 1 do

Write ( copy( soz, I,1));

Writeln

End.

Есеп №2

Соңына нүкте қойылған орыс алфавитінің кіші әріптерінен құралған мәтін берілген. Мәтінді орыс алфавитінің бас әріптерімен жазатын программа құр.

Program E1;

Const N= 20;

Var V,V1: string[31];

T: string[n];

I,j:integer;

Begin

V:= ‘Й Ц У К Е А …. Б Ю’;

V1:= ‘й ц у  к е а… б ю ’;

Writeln (‘мәтін енгізіп, сорңына нүкте қойыңдар’);

Readln(t);

I:= 1;

While (t[i]<>’.’) do

Begin

J:= pos(t[i], V1);

While ( V1[j]);

I:= j+1;

End.

5.Сабақты қортындылау.

А) бағалау

Б) Үйге: кітаптағы 112-120 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!