Паскаль тіліндегі мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Тіркестік өрнектер.

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тіліндегі мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Тіркестік өрнектер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларға паскаль тіліндегі мәтіндік ақпараттарды өңдеу және тіркестік өрнектер тақырыбында жалпы білім беру, алдыңғы тақырыппен ұштастыру. Пайдаланылатын негізгі өрнектер, функциялар, процедуралар , операциялар жайында түсінік беру.


Дамытушылық: Оқушылары амалдарды, функциялар мен процедураларды, өрнектерді дұрыс қолдана білуге, олар арқылы есеп шығарғанда пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Есепті дұрыс , тиянақты шығаруға, компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: компьютер,оқулық

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова


  1. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі                 2    мин

  1. Үй тапсырмасын сұрау 15 мин

3.Жаңа тақырып өту                    15  мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту           10 мин

5.Сабақты қортындылау              3 мин        

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

  1. 2. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасы «Символдық мәліметтермен жұмыс». (ауызша сұрау)
  2. Жаңа тақырып өту.Кітапта 112 бетті ашамыз, бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазып қоямыз. «Паскаль тіліндегі мәтіндік ақпаратты өңдеу» тақырыбы.

Мәтін әр түрлі символдардан тұратын жолдар жолдар тізбегінен тұрады. Жолдық тұрақты деп  немесе символдар жолы деп символдарының саны 256- дан аспайтын апострофқа алынған символдар тізбегін айтамыз.

Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар кең қолданылады, олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы , одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string  түйінді сөзі пайдаланылады.

Тіркестік айнымалының типі программаның типтерді сипаттау бөлімінде немесе тікелей айнымалыны сипаттау бөлімінде де орналаса береді.

Тіркестік өрнектер.

Тіркестік өрнек деп амал белгілері, тіркестік тұрақтылар , айнымалылар және  функция атауларынан құралған, ұзындығы 256 символдан аспайтын тізбекті айтады.

Алгоритмдік тілде тіркестік өрнектерді литерлік өрнектер деп те атайды. Литерлік шамалардың мәндері алгоритмдік тілде тырнақшаның ішіне жазылса, Паскаль тілінде апострофқа жазылады.

Тіркестік өрнектер біріктіру және салыстыру амалдарын пайдаланады.

Біріктіру немесе конкатенация амалы, ол «+» белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін құру үшін пайдаланылады. Сөз тіркестерін біріктіру амалдарын ConCat функциясы арқылы орындауға болады.

Салыстыру амалдары: Олар : =, <>, >, <=, >=, белгілерімен белгіленеді.сөз тіркестерін салыстыру олардың символдарының кодтарын солдан оңға қарай біртіндеп бір бірімен салыстыру.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса, онда қай жолдың символы көп болатын болса, сол үлкен деп есептелінеді.егер өрнек біріктіру мен салыстыру амалы болса онда алдымен біріктіру амалы, содан соң салыстыру амалы орындалады. Сөз тіркестерін салыстыру амалдарының нәтижелері логикалық ( TRUE  және FАLSE) болады.

Тіркестік айнымалыға тіркестік өрнек мәнін бергенде меншіктеу амалы қолданылады.

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы. Бұл операция алгоритм тілінде Length сөзі арқылы орындалады. Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады.

Бір де бір символ жоқ мәтін бос мәтін болып саналады.оның ұзындығы 0- ге тең

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

1)Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?( string  түйінді сөзі арқылы)

2) Тіркестік өрнек дегеніміз не ?( Тіркестік өрнек деп амал белгілері, тіркестік тұрақтылар , айнымалылар және  функция атауларынан құралған, ұзындығы 256 символдан аспайтын тізбекті айтады. )

3)Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?( Салыстыру амалдары, біріктіру немесе конкатенация амалы)

  1. Практикалық жұмыс

Есеп №1

* символмен толтырылған тіктөтрбұрышты үшбұрыштың кескінін салатын программа құру керек.

Program ushburush;

Const t=12;

Var st: string [T];

K:1..T;

Begin

St:= ‘ ‘ ;

For K:= 1 to T do

Begin

St := St +’*’;

Writeln(st);

End;

End.

 

 

Есеп№2

Енгізілген сөз тіркесі солдан оңға , оңнан солға оқығанда бірдей оқылатын сөздерге жататынын немесе жатпайтынын анықтайтын программа құр.

Мұнда 1- символ соңғы символмен , 2- символ соңының алдыңғы символымен салыстырып, сөздің ортасына дейін жету қажет.

Program aldi;

Var I: byte;

Coz: string[20];

Begin

Write ( ‘Бір сөз енгізіңдер’);

Readln ( Coz) ;                               {цикл енгізілген }

For I:= 1 to Trunc ( Length (Coz ) /2) do         {сөз ортасына дейін орындалады}

Begin

If Coz [I] <> Coz[ Length (Coz) –I +1  {1 символды соңғы символмен салыстыру}

Then

Begin

Writeln (‘ Алды артынан бірдей оқылмайды‘);

Exit

End

End;

Writeln (‘Алдын артынан бірдей оқылады’);

End.

5.Сабақты қортындылау.

А) бағалау

Б) Үйге: кітаптағы 112-121 беттерді оқу. 121 беттегі 1- жаттығуды орындау

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!