Айнымалы типтер, мәліметтердің шектеулі типі

Сабақтың тақырыбы: Айнымалы типтер, мәліметтердің шектеулі типі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға айнымалы типтер , жиымдар тақырыбы бойынша білімдерін шыңдау, жаңа білім беру.


Дамытушылық: оқушылардың білімін кеңейту, танымдық белсенділіктерін арттыру,ойтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: компьютер ,тест

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова


  1. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)

  1. Үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин)

3.Жаңа тақырып өту (15-20 мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту ( 10-15 мин)

5.Сабақты қортындылау

А)  баға қою (2-3 мин)

Б) Үйге тапсырма беру ( 2-3 мин)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Барлығымыз дәптер, кітаптарымызды жауып, партаның шетіне қоямыз. Бүгін біз сіздермен алдыңғы сабақта алған білімдеріңізді тексеру үшін 10 сұрақ, 2 нұсқадан тұратын тестр жазамыз.Тестке 10 минут уақыт беріледі.

3.Жаңа тақырып өту. Ал, енді жаңа тақырыпқа көшейік. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «айнымалы типтер, жиымдар».Кітапта  122 бетті ашамыз.

Мәліметтердің айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болып келеді. Мәліметтің әр типтері үшін әр түрлі амал қолдануға болады. Мысалы нақты сандармен +,-,*,/ амалдарын орындағанымызбен, оларға DIV (бүтін бөлінді табу), MOD(қалдықты табу ) табу амалдарын қолдану мүмкін емес. Мәліметтердің стандартты типтерінен өзге жаңа айнымалы типтер құруға болады. Мәліметтердің бұл типтеріне саналатын және шектелегн типтер жатады.

Мәліметтердің саналатын типтері. Қабылдай алатын мәнднрдің реттелген тізімі арқылы берілетін тип- саналатын тип деп аталады. Оның жазылу пішімі:

TYPE <тип атауы>= (<1-мән,2-мән,…,n-мән>);

Var <идентификатор>: <тип атауы>

 

Мәліметтердің шектеулі типтері.

Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын ғана қабылдайтын болса, онда оны шектеулі типтегі айнымалы немесе аралық типтегі айнымалы деп атайды. Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен бөлініп тұрақты түрінде көрсетіледі де , ол екеуі бір стандартты типте болып, міндетті түрде алғашқы мән соңғы мәннен кіші болуы керек.

Оның жазылу пішімі.

TYPE <тип аты>= <алғашқы тұрақты….соңғы тұрақты>;

Var <идентификатор,…>: <тип аты>;

Шектелген типте төмендегідей заңдылықтар орындалуы тиіс:

  1. Шектеулі екі тұрақтының типі бірдей болуы қажет.
  2. негізгі айнымалы нақты REAL типінен басқа төмендегідей қарапайым типтердің бірі бола алады: бүтін тип, саналатын тип , символдық тип.
  3. Алғашқы тұрақтының мәні соңғысының мәнінен артық болмауы керек.
  4. шектеулі типтің айнымалылыары программаның типтер немесе айнымалылар бөлігінде міндетті түрде сипатталуы керек
  1. Жаңа тақырыпты бекіту

1) Айнымалы типтерге қандай типтер жатады?

2) Саналатын тип дегеніміз не?

3)Саналатын типтер қалай сипатталады?

4) Шектелген типтер дегеніміз не ?

5) Шектелегн типтің мәндеріне қойылатын талаптар.

6) Қандай кеғстелер сызықтық, тіктөртбұрышты деп аталады?

7) кестелер мен олардың элементтері қалай белгіленеді?

5.Сабақты қортындылау.

А) бағалау

Б) Үйге: кітаптағы 122-127 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!