Сан есімнің емлесі.

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі. Сабақтьщ мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға сан есімнің емлесі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл

мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.


  1. Дәптерлерін алмастыру.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабакты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сан есімнің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

  1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жиырма бесінші, т.б.
  2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар
    дефис арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды.
  3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жүрнағының
    орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. Мысалы: 5-
    сынып, III том, 8 наурыз, т.б.
  4. Екі, алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің -ау, -еу жүрнағы
    жалғанғанда, түбірдің соңындағы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: екі-екеу,
    алты-алтау, жеті-жетеу.
  5. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар
    дефис арқылы жазылады. Мысалы: 100-деген, 1000-дап, т,б,

Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу, 40-50 үй, т.б.

Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан, сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де, бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы,

  1. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де,
    дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-оннан, 10-15-тен, 20-20-дан, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 178-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтіндегі сан есімдердің жазылуына мән беріңдер. өлең жолдарын оқып, септеліп тұрған сан есім-дерді мағыналық жағынан ажыратып, олардың қай септікте түрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 179-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімнің емлесін үғып алыңдар.

Келесі тапсырма: 180-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлемдер қүраңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 181-жаттығу жұмысының орындалу барысын тексеремін: Мәтінді
    оқып шығып, сан есімдерге толық талдау жасаңдар. Яғни қүрамына, мағынасына, сүрағына,
    атқаратын қызметіне қарай талдаңдар.