«Арманы асқақ оқушы» байқауы

«Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы Қызылорда қаласының №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің

2 «Г» сынып оқушысы Айтбаева Айя.

Айтбаева Айя 2008 жылдың 12 қаңтарында Қызылорда қаласында дүниеге келді. 2014-2015 оқу жылында қаладағы №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 «Г» сыныбына қабылданды. Оқу озаты. Өте алғыр, тәртіпті, үлгілі оқушы. Айя ән айтқанды, би билегенді жақсы көреді. Музыкалық қабілетін байқаған ұстазы Төлеутаева Ләззат Сүйінтайқызы Айяны мектептегі вокал үйірмесіне алып, ән айтудың қыр-сырын үйрете бастады. Мектепте және қалада өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысады.


2014 жылдың 28 қыркүйегінде облыстық VІІ «Ботақан» телефестиваліне вокал номинациясы бойынша қатысып, Лауреат атанды.

2014 жылдың 29 қарашасында өткен мектепішілік «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған «Мен Еліммен мақтанамын» атты патриоттық әндер сайысында ІІІ орынға ие болды.

2015 жылдың 10 сәуірінде республикалық «Музыка әлемінде» атты конкурсқа қатысып, жүлделі І орынға ие болды.

2015 жылдың 20 сәуірінде өткен композитор Н.Тілендиевтің 90 жылдығына арналған «Ән желкені, өнер өркені» атты байқауға қатысып, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.

2015 жылдың 29 тамызында өткен «Торғай-Петролеум» акционерлік қоғамының 20 жылдық мерейтойы аясында өткен «Біз дарынды баламыз» атты конкурска ән номинациясы бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Өнерлі қыз әнді екі тілде емін-еркін орындайды. Репертуарында қазақша және орысша әндер бар. Айяның орындауында балалар ақыны Рахат Наурызбаеваның сөзіне жазылған жергілікті талантты композитор Ләйла Сүйінбаеваның  «Здравствуй осень» атты әні  дискіге енді. Әнді бүкіл қазақстандықтар Айяның орындауында тыңдайтын болады.

Бұл 7 жасар Айяның мектеп табалдырығын алғаш аттағалы бергі жеткен жетістіктері. Ата-анасы, ұстаздары, достары Айяның болашағынан үлкен үміт күтеді. Сыныптас достары Айяны мақтан етеді. Айяның арманы  — келешекте Роза, Мақпал,Бибігүл, Мәдина апалары сияқты әнші болу, үлкен сахналардан көріну, биік белестерді бағындыру.


2015-2016 оқу жылын Айя жақсы жаңалықпен бастады. Бірнеше іріктеуден жақсы өткен Айя қаладағы «Өнер» мектебінің 1 ші сыныбына қабылданды. Енді әнші қыз өнер әлемінің қыр-сырын бағындыру үшін бар күшін салып еңбектенеді. Біз Айяға өнерде де, өмірде де жолың болсын дейміз.