«Сегізінші наурыз-Аналар мерекесі»

 

 

Тақырыбы: «Сегізінші наурыз-Аналар мерекесі»


 

Мақсаты: Көктемнің алғашқы күндерінде аталып өтілетін Аналар мерекесі туралы түсініктерін жетілдіру.Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы әжелер,аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, әжелеріне,анаға,тәрбиеші апайларына  деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Саз залы әдемі безендірілген.Балалар жұп болып музыкамен  залға жүгіріп кіреді, қыздар алға қадам жасайды.

Жүргізуші:    Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар!
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

-Қош, келдіңіздер!  Ардақты әжелер,аяулы аналар,қымбатты  қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,  8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекенің  қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай №9 «Күншуақ»ортаңғы тобының  8-наурыз «Аналар мерекесіне» арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы аналарымызға ән айтпаймыз,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
Ән: «Көктем,көктем,көктемде!!!»
Балалар тақпағы:

Альмира:

Жүзімізге қараңыз,


Бал күлкілі баламыз.

Бізге қуат күншуақ,

Бізге қымбат анамыз.

Сыйлаймын мен әнімді,

Сізге арнап жаттаған,

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын, ақ апам!

Алина:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі.

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын

Апашымды сыйлаймын.

Рахима:

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бірден де.

Не жетеді сөзіңе

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын апашым,

Сегізінші наурызыңмен!

Айназ:

Күн жетпейді …….

Кітап оқи бастасам.

Шаруам көп, шамам жоқ

Демейді анам ешқашан.

Бізді қағып-бағады,

Қайдан мұрша табады.

Ақтілек

Ана сөзі мейірімді шуақты

Ана сөзі қайырымдыы, құатты.

Ана сөзі жүрегімде мәңгілік,

Өшпейтұғын от жалыны сияқты.

Айару:

Сөздерді ең аяулы

Жақсы күріп жаттадым.

Енді білдім оларды,

Кімнің біліп тапқанын.

«Күнім», «жаным» дегенді

«Ботақаным» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» егенді

«Толғанайын» дегенді

Ойлап тапқан аналар.

Жүргізуші:

Аналар мереке көктемнің алғашқы мерекесі. Барлық табиғат оянады. күн ашық жарқырайды. Құстар қоңырау олардың ән

Би: «Гүлдер» «қыздар тобы»

№9 «Күншуақ»тобы қыз залға жүгіріп Карлсон кіреді.

 

Карлсон: Сәлем балалар! Балалар маған жерге қонуға рұқсат етесіздер ме?! Сіздер естімей тұрсыздар ма, мен қонуым керек деймін, маған қонуға мүмкіндік беріңіздер,маған орындық керек.

Жүргізуші:

Әрине,  Карлсон орындық бізде бар. Міне,орындық Карлсон мырза жайғасыңыз. Қош келдіңіз!

Карлсон: Ал, бұл енді басқаша мәселе. (Орындыққа отырады). Мен бір нәрсені түсінбей отырмын, неге мына залда көп балалар жиналған?

Жүргізуші: Карлсрон, біз 8-наурыз әжелер,аналар,қыздар  мерекесін тойлап жатырмыз. Барлығы  әжелерін, аналарын құттықтауға  жиналып отыр.

Карлсон: Бұл тамаша Мен мерекелерді жақсы көремін.

-Ал ендеше мерекелік торттарың дайын ба?

-Не дейді? Жоқ?! Дайын емес!?

-Не деген бассыздық! Қандай масқара!

-Бәсе, бәсе, сендер сондай көңілсіз отырсыздар, тіпті жылағыларыңыз келіп отыр ма?! Жарайды ештене етпейді, мен қазір сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін бір нәрсе ойлап табамын. Ал, балалар сіздер менімен бірге шатырға ұшқыларыңыз келеме? Ендеше менің соңымнан еріңіздер.

Ойын: «Шатырға ұшамыз»

Карлсон: Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар, сіздер осы неше жастасыздар?

-Бес жастамыз!

Карлсон: Мен тек сегіз ғана баламен ұша аламын,барлығыңыз маған шамадан тыс жүк боласыздар!

Жүргізуші: Карлсон, мүмкін, сіз  бізбен бірге «жасырынбақ» ойнарсыз?

Карлсон: Әрине, мен әлем бойынша жасырынбақты өте жақсы ойнаймын, мен ең үздік ойыншымын.

Ойын: «Жасырынбақ» (Ойын соңында көз байлағышты шешеді).

Карлсон: Жоқ бұлай болмайды, егер менің көзім байлаулы болса, мен ештеңе көре алмаймын, оларды қалай ұстай аламын.

Сол уақытта Фрекен-Бок келіп, Карлсон жүгіріп шығып кетеді

Фрекен-Бок: Бұнда өзі не болған, айнала неге шашылып жатыр. Бұлай шашып қоюға болмайды, жинау керек.

Ол шаңсорғышты алып айналаны жинай бастайды.Шаңсорғышты өшіріп балаларға екі аяқтарыңды салып, тізе қолды қоюға ескерту жасайды.

-Қане, тыныш отырыңдар! Аяқтарыңды қосып, қолдарыңды алдарыңа қойып, бойларыңды тік ұстап отырыңдар!

Фрекен-Бок жүргізушінің қасына келіп;

Фрекен-Бок: Ия, қымбаттым, сіз мүлдем балаларды тәрбиелеп білмейді екенсіз. Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз, менің атым Фрекен-Бок -деп Фрекен Бок жүргізушіге визиткасын ұсынады.

-Мен әлемдегі ең үздік үй жинаушымын. Ой,ой,ой мен-тек үй жинаушы емес,сонымен қатар бәлкім, осы бала тәрбиесімен де айналысармын.

-Сонымен! Барлығың тік отырыңдар және, ең бастысы, тыныш отырыңдар. Мен шулағанды көтере алмайды екенмін. Мен аздап демалып алайын, ой балаларды тәрбиелеу сондай қиын жұмыс екен. Ал сіз  қымбаттым маған  тоқашты алып беріңіз.

Жүргізуші  үстелге шай тоқашты қойып, дайындайды. Фрекен-Бок отырып шайдан іше бастайды.

Фрекен-Бок: Ал қымбаттым сізге тоқаш жеуге  мүлдем болмайды,  өйткені ұннан жасалған тағамдар сымбатыңызды бұзады, толықтап кетесіз.

Осы кезде ақ мата жамылған Карлсон ұшып келеді. Ол Фрекен-Боктің оң құлағынан біресе сол құлағына келіп шуылдай бастайды.

Фрекен-Бок: Балалар айтыңдаршы менің қай құлағым шуылдап жатыр.

Балалар-оң құлағыңыз!

Фрекен-Бок: Жо-жоқ бұл жолы сіздер қателестіңіздер, менің екі құлағымда шуылдап жатыр.

Ол артқы жағына қарайды да есінен танып құлап қалады.

Карлсон:— Ханым сізге не болды?

Фрекен-Бок: —Ал менің тоқаштарым қайда Менің тоқаштарымды алған сен екенсің ғой-деп қолына таяқ алады да Карлсонды ұра бастайды.

Карлсон: -Тоқтаңыз сіздің сүтіңіз қашып барады!

Фрекен-Бок: Сүт! Сүт?  Ой жүгірмек сен мені тағы алдадың ғой.

Карлсон: Гүлді алады да,оның тізесіне қояды. Мадам, сізді бүгінгі 8-наурыз Халықаралық аналар мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіз. Қабыл алыңыз!

Фрекен-Бок: Ой қандай әдемі, қандай әсерлі. Дегенмен сіздің көрінбейтін адам болғаныңыз қандай өкінішті.

Карлсон: Мадам,сіз олай қателеспеңіз .Мен әлемдегі ең ақылды,ең әдемі, көңілді бәріне қуаныш сыйлап жүретін және әдепті, сенімді доспын! Мен сонымен қатар өте жақсы би билеймін.

Мен сондай-ақ.

Карлсон би билей бастайды, ортаға Фрекен Бок балаларды алып бәрі би билейді.

Жүргізуші:

Гүлдей жайнап жүреді,

Мейірлене күледі.
Үйдегі бар шаруаға,

Және де өз  жұмысына,

Үлгіреді бір өзі-дей отырып,ойынға кезек береміз
Ойын: «Анамызды жұмысқа дайындалуға көмектесеміз!!!»

Фрекен Бок моншақтарын қойып, қалпағын киеді де

— Сұлулық, бұл қорқынышты күші!

Жүргізуші: Балалар біздің аналармыздың да, аналары болады.Олар біздің әжелеріміз. Қане кімде қандай әжелеріне арнаған тақпақтары бар.

Балалар тақпағы.

Рамазан:

Қарапайым жүзіңнен,

Күннң нұрын көремін.

Мейірімді үніңнен

Жылылықты сеземін.

Сенің әрбір сөзіңнің

Ізгілігін үйренем

Болашақта өзіңнің

Ақылыңа сүйенем.

Інжумаржан:

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол, нұр әжем,

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем!

Сабрина:

Келбетіңде ұлылық,

Даладай кең пейілі.

Ана деген-жылылық

Ана деген-мейірім.

Ақыл құйған санаңа

Күннен де артық расында

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

Нұржайнар:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі,

Шаршамасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анашым,

Асқан сұлу бар ма екен!

Айдана:

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды.

Біліп тұрсың жан анам,

Міндеті үлкен ботаңның.

Күштісі сол баладан

Ана менен Отанның.

Мадина:

Анам менің өмірдегі тірегім

Анам менің кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Ән: «Мамам»

Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.

Би: «Губки  бантиком»

Фрекен-Бок: Балалар сіздер менің көңілімді көтердіңіздер, мен сондай қуанышты, көңілді болып тұрмын. Бүгін өте тамаша күн болды. Бұндай әдемі, көңілді күні сіздерді сыйлықсыз қалдыруға болмайды. Қандай сыйлық жасасам болады екен?!

Карлсон: Әрине, әрине бұндай күнде мына көңілді балаларға сыйлық жасауымыз қажет. Ендеше біз балаларға арналған тәтті тоқаштар берейік.

Карлсон мен Фрекен-Бок балаларға тәтті тоқаштар үлестіреді де,қоштасып кетеді.

Жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі 8 – Наурыз «Аналар күніне» арналған  «Күншуақ» тобының ертеңгілігін аяқтаймыз  Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!

Ән: «Айналайын Анашым!!!»