Қан топтары және қан құю

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қан топтары және қан құю.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қан топтарын сауатты ажырата білу, қан құю жолдарына түсінік беру.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік: Донор мәртебесін насихаттау, салауатты өмір салтын  сақтау, қалыптастыру.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  Электронды оқулық,облыстық қан орталығынан алынған видио материал, кеспе қағаздар, тест, кесте, сәйкестендіру тесті.

Сабақтың барысы :


                                       а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Қ.Нұртастың «Ауырмайды жүрек»әні арқылы

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

               Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі сабағымызды  «ой қозғаудан» бастағым келіп отыр. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы қай кезде бұзылады? Оқушының пікірі тыңдалады. Ағзадан қанның көп  кетуі өте қауіпті. Өмір болғаннан кейін  әртүрлі оқыс оқиғаларға адамдар тап болып жатады. Көп қан жоғалтқан адамдарда ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы бұзылады. Қан қысымы төмендеп , қанда гемоглобиннің мөлшері азаяды. Қан кеткен адамның өмірін сақтап қалу үшін оған басқа сау адамның қанын құяды. Қан құю ертеден қолға алынса да, сәтсіз аяқталған кездері болған.Бір адамның қаны екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейтіні тек 1900ж анықталған. Қан беретін адам донор \латынша «donore», ал қанды қабылдайтын адамды – реципиент \латынша «recipiens» дейді. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді.

Егер ережеге сай қан құю жүргізілмесе , эритроциттер желімденіп қалады да , аяғы сәтсіздікке ұшырайды.

  Практикалық бөлім. Облыстық қан орталығына барып

    Оқушылар қан топтарына сәйкес 4 топқа бөлінеді

Топтық жұмыс

Топтарға 4 түрлі тапсырмалар беріледі

1 Лейкоцит қызметі мен құрлысы

2.Тромбоцит қызметі мен құрлысы

3.Эритроцит қызметі мен құрлысы

  1. Фагоцит қызметі мен құрлысы

 

 

Тақырыпқа сай тест жұмысын орындау

Сергіту сәті:  «ДОНОР» ойыны

Жылы жүректопқа лақтырылады. Қағып алып көмекке қан топтарын шақырады.

 Білімді бекіту :      Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Резус фактор дегеніміз не?
  2. Табиғи иммунитет туралы баянда.

3.Жасанды иммунитет туралы баянда.

  1. Иммунитет дегеніміз не?

Тапсырма Сәйкестендіру тесті

Бағалау: Алған білімдерін жинақтай келе бағалау.

Үйге тапсырма:тақырып бойынша ізденіп реферат жазып келу.

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :