Өздік, жалпылау есімдіктері.

Сабақтың тақырыбы: Өздік, жалпылау есімдіктері. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға есімдік, оның түрлері, өздік және жалпылау
есімдіктері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, олардың ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Өздік, жалпылау есімдіктері» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Өздік есімдігі.

Өздік есімдігіне әрқандай тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі көбінесе тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың өзі, т.б. Өздік есімдігі түбір түлғада зат есімді анықтап түрады. Мысалы: өз баласы, өз ісім, т.б.

Жалпылау есімдгі.

Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс

деген сөздер жатады. Мысалы: бар ойы—өлең айтып, ән салайық, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашкы орындалатын тапсырма: 198-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. өздерің қалаған үш мақалдың мәнін ашып айтыңдар. өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтаңдар.

Келесі тапсырма: 199-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді оқып, өздік есімдігінің қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын және мағыналық ерекшелігін айтыңдар. Қосымшалардың түрлерін анықтандар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 200-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар.

Жаңа материалды бекіту. Логикалық диктант

  1. Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)
  2. Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? (түбірі өз, -і -тәу. жал. III жағы, -сіз — жік. жал. II жағы
    (сыпайы түрі), -дер -көп. жал.)
  3. Өзіңмен қай септікте түр? (көмектес септікте)
  4. «Өз үйім — өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін
    атқарып тұр? (анықтауыш)
  5. Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 201-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалпылау есімдіктерінің астын сызыңдар. Оның қай сөзбен
    тіркесетінін айтыңдар. .

Жалпылау есімдгі.

Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс

деген сөздер жатады. Мысалы: бар ойы—өлең айтып, ән салайық, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашкы орындалатын тапсырма: 198-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Макал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. өздерің қалаған үш мақалдың мәнін ашып айтыңдар. өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтаңдар.

Келесі тапсырма: 199-жаттығужұмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді оқып, өздік есімдігінің қандай сөзбен тіркесіп түрғанын және мағыналық ерекшелігін айтыңдар. Қосымшалардың түрлерін анықтандар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 200-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар.