Алғыс айтсам деп едім

Алғыс айтсам деп едім

 

    Үстіміздегі жылдың 20 маусымы күні Байқоңыр «Космос» колледжінің акт залында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Назаров Ерлан Асылбекұлының, «байқоңыр қалалық жұмыспен қамту» орталығының басшысы Сүйембеков Шайкібек Шайхисламұлының, Қармақшы аудандық маслихатының депутаты Есманов Мырзадәулет Алдамбергенұлы, Төретам Темір жол станциясының басшысы Бегежанов Нұржан Әбдіраманұлының, «Ситилан» ЖШС басшысы Цой Александр Витальевичтің, Нотариус қызметкері Әуелбаев Серік Жетпісбайұлының және колледж бітіруші 103 түлектер мен ата-анасы, жақын-туыстарының қатысуымен диплом тапсыру іс-шарасы өтті.

Шараны колледждің бұрынғы директоры қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депуаты, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері Дауленбаев Әнуар ашып түлектерге сәттілік-ақ жол, ал ата-аналарға ұзақ өмір, мықты денсаулық тіледі. Бітірушілер арасында үздік диплом иесі менің жиенім Амангелдиева Жанар Сәкенқызы да бар. Колледж ұстаздар қауымы алдарына үкілі үмітпен келген жас буынның келешекте қоғамдағы өздеріне лайықты орнын таба алатын алатын білікті маман болулары үшін өз білгендері мен түйгендерін және жүрек түбінен шыққан ұстаздық мейірімдері мен шуақтарын төкті. Таңдаған мамандықтарына оқытып-машықтандырумен қатар ел Президентінің көрегендік басшылығымен барша қазақстандықтың алдына міндетін қойылған Экспо-2017, Қазақстан 2050, 100 қадам бағдарламаларын саналы түрде орындайтын патриоттар тәрбиелеу, олардың күнделікті өмірге тез бейімделе алу жұмыстарын да жоғарғы деңгейде жүргізіп отырады. Нәтижесінде колледж қабырғасынан сапалы даярланған, санала тәрбиеленген өздеріне сенімді 103 жас ұстаздарымен қимастықпен қоштасып, қиыншылығы мен қызықшылығы мол үлкен өмірге аттанды.

Колледж 2004 жылы құрылып, 2013 жылы аттестациядан өткен. Осы уақыт ішінде 700 аса жас 7 мамандық бойынша ақыл-білім алса, оларға 30 ұстаз әр түрлі сабақтан дәріс берді. 60-тан аса мекемелермен іскерлік байланыс орнатылған.

Колледждің ұстаздар ұжымына еңбектеріңіз жемісті, денсаулықтарыңыз мықты, шәкірттеріңіз қызметтестер арасында беделді болсын. Бала көңілін таба білетін, жас жүректерді аша білетін сіздерге мың алғыс.

 

                                                                                    Шиелі кентінің тұрғыны, зейнеткер-ұстаз

                                                                                        Арыстанов Әбсаттар Арыстанұлы