Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

 

 

  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.


 

Оқушылардың білімін есепке алудың, бағалаудың түрлі әдістері бар екені бәрімізге белгілі.

Ертеден қалыптасқан дәстүрлі: ауызша, жазбаша, жеке және жаппай әдіс сұрауларға толық кеңейтілген жауаптар беруді  тілейді. Олар арқылы оқушының өтілген материалды игеру дәрежесін, сапалы түсінгенін, жүйелілігін, белсенділігін, игерген білімін іс жүзінде қолдана алатындығын тексере бағалай аламыз.

Ал , оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде жеңіл бағалауға мүмкіндік беретін тестілеу әдісі. Сабақ барысында оқушыларға тереңде тиянақты білім беру. Сабақтың сапалы, нәтижелі өтуі-мұғалімнің әрбір тақырыпты оқушының жас және психологиялық ерекшілігін ескере отырып ұштастыра білуінде. Сабақты  түрлендіре өткізу оқушыларды  өздігінен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ой өрісін тереңдетуге бақылау жасауға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз ойын еркін жеткізіп өзара пікір таластыра білуге үйретеді.

Сабаққа ынтасын жоғарлатады. Мысалы өз сабақтарыма тоқталып өтсем: мұнда сабақ 6 сыныптан басталады, әсіресе гүлдердің құрылысын өткенде олардың көбейту тәсілдерін айтқанда оларда қызығушылық артады. Сол кезде оларға өздік жұмысты пайдаланамын.

Мысалы биологиялық диктант, тест, біліміңді тесер тақырыптан кейін кітаппен жұмыс жасайды. Ұқсастығымен айырмашылығын тауып веен диаграмасын құрады 7  сыныпта жануарларды оқығанда қызығып әртүрлі сұрақтар туындап , өздері ізденіп тест құрап өздері жауабын табады. 8 сыныпта тәнтануда өздерінің дене мүшелерін білуге құштар. Секреция бездерінің қорытынды сабағында оқушылар  екіге бөлініп жұмыстар орындайды.

 


 

 

 

 

  Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеу жолдары.

Оқушыларға қазіргі заман талабына сай әр пәнді оқыту – жоғары ғылыми дәрежеде жүргізіліп, оқушыларға берілген білім тұрақты да сапалы болуға тиіс.

Сондықтан оқу процесінде «Нені  оқытамыз, қалай оқытамыз, және олар қандай  нәтижеге жетті » деген мәселелер әр ұстазды мазалап тұрды.

Оқытуда белгілі  жетістікке жету үшін маңызды жағдайды бірі, жүйелі бақылаумен бірге оқыту процесін жетілдіру. Яғни, жүйелі түрде жүргізілетін бақылау арқылы оқушылардың білім мен біліктілігін ғана анықтап қоймаймыз, сонымен бірге оқытудағы   кемшіліктерімізді  біліп, болашақта нәтижелі жұмыс істеуге тырысамыз.

Оқушылар оқып таныған білген нәрсесін  қорытындылап айта білсе, еске сақтау, ойлау, назар аудару арқылы өзіне –өзі сын көзбен қарай білсе және алған білімін пайдалана білсе, білімділік негізінде меңгере алатын болады. Мысалы оқыту барысында оқушыларды сабақта қолданылған немесе оқулық ішіндегі сурет, сызбанұсқа, кестелерге көңіл аударуға, оны еске сақтап пайдалануға дағдыландыра білу қажет. Ал тәжірибе жасайтын құралдарды құрастыруға жасалған зертханалық тәжірибенікеректі жерде қолдануға мұғалім үнемі басшылық жасап қадағалап отырмаса қажетті нәтижеге  жету қиындық келтіреді. Сондықтан біз әр оқушының білім деңгейіне  сәйкес жеке дидактикалық тапсырма орындатуға ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Оқк процесіндегі қиын прблеманың        бірі оқушылардың  білімін тексеру және бағалау.