Ойын арқылы би қимылдарын үйрету

Ойын арқылы би қимылдарын үйрету

 

Ойын — бала өмірінің  ажырымас бөлігі. Орыстың ұлы педагогі  В.А.Сухомлинскийдің  «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес».
Баланы  тапқырлыққа , батылдыққа , шапшаңдыққа , ептілікке  , байсалдылыққа үйрететін  де осы ойын.

Ойын балаларды  ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның жеңісіне ортақтасуға тәрбиелейді. Ойындарда балалар жолдастық, ауызбіршілік пен , ұйымшылдықтың не екенін түсіне бастайды.

Бүлдіршіндермен  биде ойындарды өткізу барысында педагог төмендегідей талаптарды орындауы қажет:
-балаларды ойынға міндетті түрде қатыстыру;
-балаларға  өзі шеше алмайтын, педагогтің көмегін қажет ететін жағдайларда ұсыныстар айту;
— ойындарды көрсеткен кезде үйренгендерін  балалар өз бетінше пайдалана алатынындарына көз жеткізу.

Ойын міндеттерін шешудің   заттық тәсілі ойыншықтармен билеу іс-әрекетері . Алғашқыда балалар  педагогтің орындау барысындағы  таныс қимылдарды  сүйсіне қайталайды.

Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.

 

Дидактикалық ойын «Біздің саяхат»

Ойын шарты: Балалар шеңберде отырады, би  жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады. Көз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз.

  1. Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;
  2. Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;
  3. Айгерім допты алып жерге соға бастады;
  4. Балалар тез секірді;

Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды. Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды. (осы қимылдардың барлығын би  жетекшісі музыкалық қимыл арқылы көрсетеді.)

Кім қалай жүреді?

Ойын шарты:  Балаларға әр-түрлі жануарлар характеріне сай, әуенді ойнайды балалар әуенді тындап, әуенге сай қимыл-қозғалысты орындаулары керек.