Өзіңді тану — өмірді тану.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тану — өмірді тану.


Мақсаты: Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: —   өмірдің адам  үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • өмірді мәнді, мазмұнды сүруіне ықпал ету;
  • өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы.

А. Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау.

Ә. Өзін-өзі тану пәні туралы айту, оның мақсаттарын түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: рухани – адамгершілік  құндылықтар, салауаттылық,

ізгілік, өмір, денсаулық, өмір тәжірибесі, мәдени мұра


өмірдің мәні, әділдік, сенім т.б.

а) Мұғалім:    Тақырып «Өзіңді тану — өмірді тану» деп аталады.

Соған қатысты «жалпы адамзаттық құндылық»,

«рухани-тазалық», «қарым-қатынас жарастығы» деген негізгі

категорияларға анықтама берсек.

ә) Оқушылар жауабы

Дәйектеме:      Абайдың он бесінші қара сөзі.

Б. Шаттық шеңбері.

Оқушылардың жағымды көңіл күйін қалыптастыру және сабақта көңілді орта құру мақсатында ән айтуды  ұсынамын.

«Ақ көгершін». А. Жұбанов, сөзі Н.Баймухамедов.

В. Әңгімелесу.

Оқушыларға  өмір, өмірдің мәні, мәнді өмір сүру, өмірді бағалай білуі және ол үшін адамның ең әуелі өзін-өзі тани білуі қажет екенін ұғындыру мақсатында «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен сұрақтар беріледі.

— Өзін-өзі  тану пәнінен не күтесің, нені үйренгің келеді?

— Өмірдің мәні неде деп ойлайсың?

— Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?

— Өмірді бағалай білесіз бе?

— Өмірден не күтесіз?

— Сіздің мақсатыңыз қандай?

Г. «Сахналау».

Оқушыларға ой салу, олармен ой бөлісу, өмірдің мәнін кеңірек ашу мақсатында ата мен немеренің диалогін сахналау. Мәтінді рөлдерге бөліп оқып, мәтіндегі ойға өз көзқарасыңды білдіріңіз.Сабақтың мақсатына нақты тұжырым жасалады.

Ғ. «Тыныштық сәті».

Балалардың көңіл күйі көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуі үшін керек.

Мұғалімнің сөзі:

— Балалар   денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмып, еркін тыныс алыңдар. Өз тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар. Оқушылар өз қалпына келген соң, тапсырма беріледі.

Д. Тапсырма.

Өлең оқу. М.Мақатаев. «Өмір керек».

Өлеңді кезектесіп оқып, талдайды. Тапсырманы орындау балаларды  ойландырып, адамдарға жақсылық жасауға ұмтылысын күшейтіп, оларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеуге бағытталады.

Е. Дәйексөз

В. Гетенің сөзі:

«Алдымен өзіңді үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың».

Үйге тапсырма:

-Ән ұран жаттау.

-Жаңа әндер жаттап келу.

P.S   Ән ұран таңдау.

Соңы.

 

Көгершін.

 

Ақ көгершін, қолқанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт, ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

қ-сы

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

 

 

 

Тақтада

 

 

  1. «Өзімді-өзім танумен өсіп келем…»

 

  1. Адам – ғалам ғажайып жеке-дара,

Жан құмары-ізденген мәңгі сана.

Өзіңді-өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

 

Әл-Машани.

«Көкіректе сәулесі жоқтың

Көңілінде сенімі жоқ».

Абай.