Жетінші сәуір — дүниежүзілік денсаулық күні

 

 

Жетінші сәуір  — дүниежүзілік  денсаулық   күні


Тақырыбы: Дені саудың- жаны сау.

Мақсаты:  Балаларға салауатты  өмір салты  туралы   түсінік  беруде, қарапайым   ережелерін   қалыптастыру, адам  денсаулығының  қымбаттығын,  өмір сұру үшін      қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.                                                                                                                   Сауықтыру- шынықтыру  шаралар  арқылы   балалардың    денсаулығын  жақсарту ,  дене   сымбатын   жетілдіру,  қимыл- қозғалыс    дағдыларын   дамыту.                                                                                                                           Балалардың  көңіл -күйін  көтеру, мәдени-  гигиеналық  талаптарды орындау,  тазалыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Методикалық  әдіс-  тәсілдер:

Түсіндіру,  көрсету, көркем сөз, жеке жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекі- құралдар:   гимнастикалық   тақтайша, кедергі тақтайша,   кілемшелер әр балаға,   су, мочалка немесе массаж қолғап.

Жұмыс барысы:

1  Жәй әуенмен  балалар  біртіндеп   ұйқыдан    оянып,  көздерін  ашады.


Төсекте жатып   керілу-  созылу  жаттығулар орындайды ( аяқ , қолын  сөзу,  жазу,  сипалау).

2  Нүктелі  массаж:  маңдай,  бет,  көз,мұрын , ауыз қуыс,, қол-саусақтарға.

3 Тыныс алу  жаттығулар ( дем  алу , дем шығару)

4 Төсектен тұрып  кілемшелер( жайма)  үстіне   гимнастикалық  жаттығулар.

1   Оң қолымды  жаныма,

Сол қолымды  жаныма,

Оң  аяқты   алдыма,

Сол  аяқты  артыма,

Қос қанатты  жаямыз,  Ұшақ  болып   ұшамыз.

«Қоңыздар»  кілемшеге жатып  қоңыздар қимылын  жасау.

Оңға –солға домалау.

Екі  аяқпен  секіру.

5  Кедір – бұдыр жолмен  жүру.   Кілемше үстімен  жүру, жүгіру.

6  Сулы,   тұзды  мата үстімен  жүру.

7  Мәдени- гигиеналық  талаптарды  орындау . Сумен жуыну,  қолғаппен

массаж ,   сүртіну.

8  Көркем   әдебиет «Тазалықтың  достары».

Сылдырлайды   мөлдір су,

Мөлдір суға  қолыңды  жу.

Жуынсаң  сен  әрдайым,

Аппақ  бетің,  маңдайың.

Тазалықтың  досы- су дегеніміз осы.

Сабындаған  кезінде

Ашытады  көзіңді

Бола білсең , төзімді,

Тап-таза  етер  өзіңді

Тазалықтың   досы-

Сабын  деген  осы.

 

Ақ  мақтадай  түгі  бар,

Қызыл- жасыл гүлі бар,

Жұмсақтығы   мамықтай,

Сүртінесің  жалықпай,
Тазалықтың  досы-

Сүлгі  деген осы.

  1. Фито терапия:   фитошай, итмұрын шырынын  ішу.
  2. Киіну( жеңіл киімдер).