Қиын баланы тәрбиелеу қиын ба?

 

«Қиын   баланы тәрбиелеу қиын ба?»

Қиын бала дегеніміз кім?Бұл сұраққа жауап беру оңай.Бұл кім-кімді де ойландырар күрделі мәселе.Енді осы қиын балалармен кімдердің жұмыс істеуі керек?


Мен әріптестерімді сөзге тартқанда: «анау топтағы ана бала әбден шаршатты» деп реніш білдіреді.Бұл рас та шығар.Бірақ осы қиын бала қайдан шығады?Бала іштей сондай болып туылмайды ғой.Бәрі де тәрбиеге байланысты.Адамтану ғылымның күре тамыры-тәрбиеден кішкентай ғана қателік кетсе,еңбегіңнің еш кеткені.Шынын айтқанда,сондай қателіктер кімнен болсын кетіп жатыр.

Бірі қолдағы сөз жоқ «қиын оқушы» тәрбиесі ата-анаға да,мұғалімге де  ортақ. «Менікі,сенікі» деп бөлу әбестік.Қиын оқушылармен жұмыс істеу де қиын.Амал қанша,біріне де шыдамдылық қажет,білімділік пен біліктілік керек,олармен жұмыс жүргізгенде,ең алдымен,олардың жағымсыз мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін тізбектеп қана қоймай,жақсы,жағымды істерін де ескертіп,марапаттаудың тәрбиелік мәні бар.

Мұғалім баланың өз күшіне сенімін күшейтіп,оның ақыл-ой еңбегінде аз да болса алға басқандық байқалатын мезгілді шыдамдылықпен істеуі тиіс.Бұл алға басқандық,мұғалім еңбегі жемісінің біліне бастауы.Әйтсе де,бұдан былай бәрі де өз орнына келе қалады,деуден аулақ болған абзал.Мұндай алғашқы болымсыз жетістіктердің өзі де балаға қуаныш әкеледі,бала өз ісінің сәтті болғанына қуанады.Бұл жетістігінен ол өзіне жаңа күш жинап бұдан былай да оны жақсарта беруге тырысады.

Бала тәрбиесінің ортақтастығына байланысты ата-аналар мен мұғалімдер арасында өз-ара түсінбеушілік пен «қиын оқушы» тағдыры қиындай түседі.Бұл нәрсеге көңілім толар емес.Олар отыз жыл бойы «е,не қылар дейсің,ертең өскесін өзі-ақ қояды» деп баланы басынан сипау,онсызда оңбай тұрғанды ойсырату болмақ.

Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай,күн сайын күшейе түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу-тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын  іздестіруді талап етеді.Мектепке балалар көбінесе отбасымен мінез-құлқы қалыптасып келеді де,бұдан кейінгі оқу-тәрбие ісі олаға ата-анасының берген қабілеттерің шыңдау үшін бағытталады.Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып,жағымсыз мінез,әдеттерді жою талабы –педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігігі байланысты болмақ.

Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі:бала төбелесе береді,бір орында тыныш отыра алмайды,немесе тақтада  жауап беруге қорқады,не істеу керек? деген сұрақтар жиі қойылады.Ал мұғалімдер қауымынан:Қазіргі балалар өзгеше «қиын» болып кеткен деген лебіздер естиміз.Бұл сұрауларға мектеп мұғалімі ,дәрігер,ата-ана ,психолог бірлескен іс-әрекет негізінде ғана көмек бере аламыз.