Ол күндердің даңқы өшпейді!

Ол күндердің даңқы өшпейді!

Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! –деген таңмен бірге жеткен сүйінші хабардың жеткеніне, міне,70 жыл болды.  Яғни, даңқты мереке жылы. Бұл мейрамды барлық Қазақстан Республикасында , сондай –ақ Ақтоғай ауданы Шұға ауылында да мейрамды терең жан толғанысымен, жүрек сыздауымен, мақтаныш , қуаныш сезіммен еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін, алыс –жақынға көшіп кеткен ауылдастардың өздері сол күні Шұға ауылына келіп, өткендерін еске алып, жеңіс күнін үлкен тебіреніспен қарсы алды.

Бұған себеп те бар еді. Иә, Отан Ана өзінің 27 миллион ұлдары мен қыздарынан айрылды. Олар дала төсінің  ерлері, инженерлер  мен ғалымдары. Қысқасы, адамдардың зор бақытын жасаушылар еді.


Өмір мен өлім арасындағы отты майдандарда қазақстандықтар, соның ішінде өзіміздің Шұға ауылының  азаматтары соғысқа аттанып, өрімдей азаматтары қыршын кетті.

70 жыл толып отырған Жеңісті жақындатуға біздің ауылымыздың халқы өзіндік үлес қосып, тарих шежіресінде із қалдырды. Қазіргі ұл- қыздарымыздың қызығын көріп отырған ардақты ақ шашты әжелеріміз бен аталарымыз бала кездерінен бастап тылда еңбек етіп, жауынгерлерді киіммен, азықпен, қарумен қамтамасыз етуде өз үлестерін қосты.

Я, соғыстың аяқталғанына 70 жыл өтті,  бірақ аудан бойынша әлі де қаншама майдангерлердің елге оралмағаны, белгісіз кеткені байқалады. Оның ішінде біздің аталарымыз, туыс-бауырларымыз бар екенін естен шығармаймыз. Бұдан артық қайғы бар ма? Соғыс әкелген қайғы мен азапты халқымыз ешуақытта есінен шығармайды.  «Ер есімін –ел сақтар»-деген Шұға елі майдангерлерінің ұрпақтары Ержанов Ақылбек Мұқанұлы және Рүстембекұлы Алтынсары  бастаған жігіттер Ақтоғай ауданының бұрынғы әкімі және ауданның құрметті азаматы Түгелбаев Абылқақ Балғабайұлының бастамасымен  Мереке күні Шұға ауылының майдангер азаматтарына арналған ескерткіш орнатылды. Ескерткішті орнату барысында ауыл азаматтары: Шильтыбаев Багадат, Ахметжанов Сираж, Мауенов Азамат, Мауенов Мейрам, Қуанышбаев Қайыржан, Дүйсенов Жаңбырбай, Секенов Нұржан, Мұздақбаев Қуаныш, Ергалиев Бағадат, Шильтыбаев Манат, Аханов Қабдыләшім, Аханов Қабылбек, Шильтыбаев Жанат, Шпеков Бауыржан, Мауенов Тұяқ, Садуов Мәдениет тағы басқа ауыл азаматтары қалау, кірпіш тасу, лай езу кезінде көмектерін аяған жоқ.

Ауылдың тау көтерер осы азаматтары: Ақылбек Мұқанұлы мен Алтынсары Рүстембекұлын аудан әкімінің  «Алғыс хаттарымен», Дүйсенов Ж, Қуанышбаев Қ Жолболды ауылдық әкімі М.С. Сүйіндіковтің «Алғыс  хатымен» марапаттауы мен  заттай сыйлықтарға ие болды.

Ескерткіштің келер ұрпақ тәрбиесі үшін қандай маңызы бар екені айтпаса да түсінікті. Осы шараны  бастап ұйымдастырып, жетпегенін жеткізген Ақылбек Мұқанұлының еңбегіне қоса Шилтыбаев Бағадат  бастаған Х.Шаяхметов атындағы мектеп ұжымының жұмылған жұдырықтай етіп, мереке барысын, көркемдік әрлеу  және концерттік шарасымен қоса келген қонақтарға ас беру шарасын  бүге –шігесіне дейін ойластырып, бір кісідей ат салысқан еңбектерін айтпай  кету мүмкін емес.Айта кетсек:Айман Қабдыкәрімқызы,Сейілханова Гүлнар,Рахимжанова Елеусіз,Мауенова Нұргүл,Мауенова Инара,Жетпісбаева Ләззат,Ержанова Көгершін,Садуова Жанар, Мауенова Нұрғиса,Ержанова Анар,ИбадильдинаЛәззат ,Мұздақбаева Мадина т с с

Мереке барысында тағы да қасиетінің әрі де жатқанын дәлелдегендей болды. Әрі де Нұрқай мен Ахметжан молдадан Хасен мұғалім мен Молдабаев Қ- дан білім алған ұрпақтың дарынды балалары бүгінде облысымыздың түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етуде. Соның дәлелі ретінде Шұға ауылының түлектері: Оқасов Лашын Павлодар облысының  қазақ филармониялық театрының белді қызметкері болса, Шильтыбаев Қанат Екібастұз қаласындағы  «Атамұраның »

күміс көмей  әншісі. Міне, осы жігіттердің  еңбектерін бағалап, Павлодар филармониялық театрының әртістері мен Екібастұз қаласының әртістері мерекелік шараны бірі бастаса, екіншісі аяқтап, ауыл адамдарын әсем әндерімен сусындатты, шара барысы естен кетпес тойға айналды.


Ескерткіштің  лентасын Шұға ауылының бұрынғы тұрғыны Нығи ақсақал мен ауылдың тыл ардагері Уалиханов Тохтыбай  ақсақал кесті.

Шара барысы Х.Шаяхметов атындағы орта мектебінің, Естай орта мектебінің алғашқы әскери дайындық  мұғалімдері Садуов  Мәдениет пен Арынов Еркін Қозыбайұлы  «Ерлікке тағзым» тақырыбында мектеп оқушыларымен ұйымдастырған Веложорықшылар ескерткішке тағзым етіп, гүлшоқтарын  қойды.

Кеш аяғында келген қонақтарға ас беріліп, жауынгер аруақтарға құран оқылды.

Бұл шарамен тоқталып қалмай,ауылдың бас көтерер азаматтары ендігі жылы Тыл ардагерлеріне де мемориалды тақта орнатпақ ойлары барын ескертті.

Енді соғыс өрті жанбасын!Еліміз аман, жұртымыз тиыш болсын!