Жер туралы ой.

Сабақтың тақырыбы: Сын жүмысы.

Жер туралы ой. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауттылыққа баулу мақсатында сын жүмысын жүргізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:


а) ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, сын жүмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмүнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 107 сөзден түрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін. Жер туралы ой.

Әлден уақытта барып тағы да жер туралы сөйледік.

— Жер деген — әркімнің туған анасы тәрізді нәрсе. Оны сүйсең, сырын білсең, ол саған бәрін береді. Жер — ана тәрізді, жыламасаң, еңбек етіп тер төкпесең, ештеңе бермейді. Жер еңбек сүйеді. Еңбек оны түрлендіреді. Еңбек жердің қасиетін, қүдіретін аңызға айналдырады. Біздің осы көп өнім алып жүрген жеріміз бір кезде, мына Көксу өзенінің табаны болған. Жеріміз — қүмдауыт, лайдан өскен жер. Мүндай жерден өнімді тыңайтқыштың күшімен және еңбектің, мына қолдың күшімен алып келеміз.

Жерді сүйііп қана қою жеткіліксіз, оны білу керек. Жерді білу дегеніміз — оның қасиетін, топырағының қасиетін білу деген сөз. Әйтеуір егістікті көбейтеміз, — деп жерді. тілгілей берудің жөні жоө, — деп Нүрмолда ойын аяқтады. (С.Бацбергенов, 107 сөз).

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Сын жүмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма: «Туған жерім—тұғырым» тақырыбында шығарма жазып келу.