«Дос көп болсын жанашыр»

Тәрбие сағат:     «Дос көп болсын жанашыр»

Мақсаты:   Оқушыларға адам баласына ең қажеттілік достық сезімі екенін ұғындыру. Достың қасиетті де, қастерлі ұғым екенін түсіндіру.

Дамытушылыұ мақсаты:  Достық сезімді бойға сіңіріп, оны қадірлеуге, адалдыққа, адал жос пен жаман достың ара жігін ажырата білуге баулу.


Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыны ұйымшылдыққа шынайы достық пен адамгершілікке, жауапкершілікке, сенімділікке, өзін ортада еркін  сезінуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрініс түрлері.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта. Сценарийлер. Мақал – мәтелдер. Өлеңдер. Шешендік сөздер.

Барысы:

І Ұйымдастыру.

Танысу шеңбері.

—   Балалар, сәлеметсіздер ме? Сабаққа дайынбыз ба? «Дос көп болсын жанашыр» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.


—  Қане, қол  ұстасып  шеңбер  құрайық.

Хормен:  Өзіміз құрған шеңберді,

Айналып біз жүреміз.

«Секір – секір» дейміз біз

Тапшы кімнің дауысы?

Өлең шумағын жаттап алайық, ортаға көзін таңып, 1 баланы шығарайықта «Секір-секір»  деп бір бала айтады. Сол сөзді айтқан кім екенін, ортадағы адамға тапқызайық.

Психологиялық әзірлік ретінде 1-2 рет қайталап алуға болады.

Мұғалім: Балалар, біз бір-біріміздің даусымызды ажыратып таниалады екенбіз.

  • Ал мінез-құлқымызды ше?
  • Оны да анық тани білеміз.
  • Ендеше, балалар біз бір сыныпта оқимыз, татумыз.
  • Татулық бар жерде, достықта болады.
  • Достық дегенді қалай түсінеміз?
  • Әркім өзінше баға беріп көрсінші?

1-оқушы:  Адамдардың бір-біріне адал сезімі, татулығы, өзара сыйластығы.

2-оқушы. Менің досым бар. Мен оны өте қадірлеймін. Екеуміз өте татумыз.  Бір-бірімізге көмектесеміз.

 

І жүргізуші:  Міне, түсінікті  болды. Сенім, адалдық болған жерде достық қалыптасады екен.

«Өзіңе қарай дос таңда, күшіңе қарай жүк көтер» Ж. Баласұғын – деген нақыл сөз текке айтылмаған. Бәріміздің  өмірде досымыз бар. Олар бар да, біз жалғыз емеспіз. Биікпіз.батырмыз, оларға сенеміз.

 

ІІ жүргізуші:   Достық – сыйластық пен мейірбандықтың мөлдір көзі. Достар бір – бірін қиын кезде тастамайды, қолдайды, қамқор бола алады.

І жүргізуші:  Көріністі тамашалайық. Ы. Алтынсарин. «Жаман дос»

-Қала ойлайсыңдар, екі достың әрекетінен нені ұқтыңдар.

-Ауру досы аюдан құтылу үшін қтірік өліп қалды.

-Дұрыс, жанын сауғалап амал тапты.

-Сау досы басын сауғалап ағашқа өрмелеп кетті.

Сау адам:  досым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?

Ауру адам: «Екінші рет тар жерде тастап кететін адам мен дос болма» — деді

-Осы сөзден шығатын қортынды қандай?

-Жаман жолдас жауда қалдырар.

ІІ жүргізуші:

Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады,

Қиын  шақта досын сатқан адамдар деген М. Шахановтың өлеңі жаңағы көріністің айқын дәлелі.

І жүргізуші:  Сыныпта достық туралы ақындардың өлеңдерінен үзінді оқитын, пікір айтатындарға кезек берейік.

1-оқушы. Дос деген қиналғанда қол ұшын беретін жанашыр жан.

2-оқушы.   Достық – таусылмас қазына,

Бағасыз бақыт.

3-оқушы.  Дос көп болсын жанашыр

Көргенде көңілі босаған.

Жүрегі жомарт достардан

Арылмасын босағаң.

4-оқушы.  Қайтып кірер есігіңді,

Қатты жаппағайсың.

Қайтып көрер досыңа

Қатты сөзді айтпағайсың.

Қара би.

Жаман мен жолдас болмаңыз

Көрінгенге күлкі етер.

Жақсымен жолдас болсаңыз

Киген тоның түлкі етер.

Бұқар жырау.

Бірде төбе,  бірде төмен ылдимын,

Жүріп келем өлеңдетіп бір күймен.

Сәл бөлінсем жолыға алмай  қалардай

Достарымды іздеп жүрем ылғи мен.

С. Жиенбаев.

Мұғалім:

Балалар, шаршап кетпеу үшін, ой сергітейік.

«Жалғасын тап» ойыны.

Мен достық туралы мақалдар бір сыңарын айтам, сіздер келесі сыңарын айтасыздар.

  1. Досы жоқпен сырлас,

……………………………..

 

  1. Киімнің жақсысы жақсы.

………………………………

 

  1. Қоссыз қазақ болса да,

………………………………

 

  1. Доссыз адам,

………………….

 

  1. Дос жылатып айтады,

………………………………

 

 

 

Балалар, дос, достық туралы  бүгін біраз  мағұлмат алдық. Ендігі кезекті ойынға берейік.

«Жақсы сөз, жарым  ырыс» ойыны.

Жасыл жапырақтар таратып береміз,  асты ақ, соған  бір тілек жазыңыз достық жайлы.

Мысалы: Досымыз көп  болсын!

Мен досыма сенемін!

Бірге шырқалсын әніміз.

т.б.әркім өзінше тілек жазсын.

«Армандастар»  әнімен тәрбие сағатымызды  аяқтаймыз.

Рахмет!   Жанашыр достарыңыз көп болсын! Достық тек  қана қуаныш сыйласын!