Сан есім

Қазақ тілі.14.04.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:а)Оқушыларға сан есім туралы 2-сыныпта алған білімдерін ары қарай тереңдетуге  мүмкіндік туғызу.


ә)Оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасауы  арқылы  теориялық ойлауын,сөйлеу  тілін  дамыту.

б)Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:мазмұнды суреттер,оқулық.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақта  қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.-Сабаққа даярлық. Сандар арқылы

-Оқушыларды топқа бөлу.


II.Өткен сабақты пысықтау.

-Жазба жұмысын талдау,бағалау.

III.  «Аялдама«ойыны.1-топ.Сын есім деген не?Мысалдар келтір.                       -Сөйлем құра.

2-топ.-Сын есім түрлерін жазу.

-Негізгі және туынды сын есім деген не?Мысалдар келтір.

3-топ.-Сан есім деген не?

-Сұрақтары қандай?Мысалдар келтір.

(Қорытындылау,талдау)

IV.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

V.Жан-жақты білімдерін тексеру.

1-жаттығу.(ауызша)

-Өтірік  өлеңді  мәнерлеп оқы.

-Қарамен  жазылған  сөздерге сұрақ қою.Олардың  қай  сөз табы екенін айту.(елу,жүз,бір)

VI.Жаңа  сабақ.Оқулықпен жұмыс.Дәптермен жұмыс

I-топ.2-жаттығу.(жазбаша)

-Сандарды  сөзбен  жазып,сөйлемдерді  көшір.

-Сан  есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Он екі ай,отыз күн,төрт апта.

II-топ.3-жаттығу.(жазбаша)

-Мәтінді  оқып,сан  есімдердің  қай  сөзге  қатысты  екенін анықтау,мәтіннің соңғы  сөйлемін  көшіріп  жазу,сан  есімнің  астын  сызу.

III-топ.5-жаттығу.(жазбаша)

-Жұмбақтың  шешуін табу,жатқа жазу.Сан есімдерді  табу,сұрақ қою.

-Олардың  қай  сөзбен байланысын  тұрғанын  айту.Мыс:Он екі бұтақ.

V.Сабақты  бекіту.

8-жаттығу.-Көңілді шумақты оқы.

-Шығармашылық  тапсырма.-Жасырын сөзді тап.Миға шабуыл.

(Көп нүктенің орнына сан есімдерді қой.)

-Зат  есім  айтылады  оның  алдына сан  есімді қойып айту.

Мысалы:жеті  ата,….  саусақ,…..   құлақ,…  мұрын,…. көз,……  сынып,….. сағат.

VI.Сабақты  қорытындылау.

-Бүгінгі  сабақта  не  өттік?

-Бүгінгі  сабақта  саған  не ұнады,не  ұнамады,не қиын болды?

VII.Үйге  тапсырма беру, бағалау. 4-жаттығу

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:22-28 жаттығу

Сабақтың  мақсаты: а)Оқушыларға  есептік және  реттік сан есімдер туралы алған  білімдерін ары  қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу.

ә)Оқушылардың  өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын,

сөйлеу тілін дамыту.

б)Ұйымшылдыққа,достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:мазмұнды суреттер,оқулық.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақта  қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,іздену,талдау.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу.Үйшік,тұрғын,жер-сілкінісі.

II.Үй тапсырмасын талдау,оқу,тексеру,бағалау.

21-жаттығу

-Сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеру.Қос-екі.

-Сан есім нешеге бөлінеді?

-Есептік сан есім деген не?

-Реттік сан есім деген не?

-Мысалдар келтіру.

III.Мақсат қою кезеңі:сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

 IV.Жан-жақты білімдерін тексеру.

22-жаттығу  (ауызша)(жеке орындау)

-Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырып жазу.

-Сонда қандай сұрақ қойылады?

23-жаттығу  (жазбаша) (жұптық,топтық)

-Көшіріп жазу,сан есімдерге сұрақ қою, есептік сан есімнің астын екі рет сызу.

-«Севен-ап»ойыны.

24-жаттығу.

1.Мәтіннен сан есімі бар сөйлемдерді жазу.

  1. «Сұрақ-жауап»ойыны.Оқушылар мәтінді жылдам және мұқият оқып шығып,сұрақтар құрастыру.

Кім көп сұрақ құрастырса,сол жеңімпаз болып табылады.

Мысалы:1.Мәтінде не жайлы айтылған?

2.Олардың табылғанына қанша уақыт болды?

3.Олардың саны қанша?

4.Олар қайда өмір сүреді? Неліктен?

5.Табиғи ортада өмір сүре алады ма?

6.Олардың басты жаулары нелер?

V.Сабақты бекіту.

26-жаттығу.(ауызша)  (постер қорғау)

I-топ.Реттік сан есім,есептік сан есімді ажырату.

II-топ.Реттік сан есімге көптік жалғауын жалғау.

III-топ.Есептік сан есімге III-жақтың жалғауын жалғап айту.

Мыс:бірі,бесі,үші,төрті.

28-жаттығу.(ауызша)

I-топ.Ребусты шешу.

II-топ.Жұмбақ ойлап табу.

III-топ.(сөзжұмбақ)ребус шешу.

VI.Бүгінгі сабақты қорытындылау.Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неліктен?

VII.Үйге тапсырма беру,бағалау.  25-жаттығу.