Жазғы спорт Олимпиадасы Толағай отбасы.
Жазғы спорт Олимпиадасы Толағай отбасы.
Мақсаты:
Қазіргі заман талабына сай салауатты отбасын, балабақшамен қарым қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту. Ата -ана рөлін ерекшелендіру,жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу,дағдыландыру. Бірін — бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке ,жан-жақты болуға қызықтыру ,тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,құрметті ата-аналар,сүйікті бүлдіршіндер!.
Мықты да тату-тәтті,ұйымшыл,алғыр,шапшаң жанұяны анықтайтын
«Толағай отбасы» спорт Олимпиадасы ойынына қош келдіңіздер !
Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің ойынға бар махаббаты
Талпынып ойнауға келді міне,
Ойыншыларға қошеметтеп қол соғайық.
Тәрбиеші:
Құрметті балалар шаттық шеңберіне тұрайықшы:
Менің атам бар,
Менің әжем бар,
Менің әкем бар,
Менің анам бар,
Ал оларда мен бармын !
Тәрбиеші:кәне ата-аналар ортағы шығайықшы.
Ата-аналар ортаға ойын алаңына тұрады,ата-аналардың қолдарына жұлдызшалар беріледі.
Берілген жұлдыздың артында сайыскерлердің реттік саны белгіленген.
Ата-аналар жұлдызша арқылы өздеріңіздің реттік сандарын айтады.
Тәрбиеші:
Балалар мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр,ойланып жауап беріңдерші.
Балалар сендер қандай спорттық ойындарды білесіңдер?
Қимылды ойындарды атап беріңдерші?
Тақия тастамақ ойыны қандай өлең жолдарынан басталатын еді?
Бақа-бақа ойынын өлең жолдарымен ,қимылымен жасап жіберейікші,
Осы ойынды ата-аналар сіздерде бізбен бірге жасаңыздар.
Балалар: сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиеші:
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды,
Тәрбиеші тәрбиелеп баланы,
Бала болып ойлайды- ата-аналар енді сіздермен ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ата-аналар кәне ойынға кірісеміз,балалық шақтарыңызды еске түсіріп,көтеріңкі көңіл-күймен ойнайық.
1-ойын.Кедергіден өту кеглидің арасынан жыланша жоргалап жүріп өту.
Ойынның шарты: жылдам кеглиді құлатпай арасынан еркін өтіп жеңіске жету.
2-ойын. Итеріспек.
Ойынның шарты:күштілікке,ептілікке ойын кезінде бірін-бірі түсініп ойнауға баулу.
Итеріп , бірін-бірін шеңберден итеріп шығарып жіберуге талпыну.
3-ойын.Кеглиді құлат.
Ойынның шарты:дұрыс орындалуын бақылау,ойын кезінде байқампаз болуға баулу.
Допты жермен домалатып лақтырып,кеглиді құлату керек,кім кеглиді көп құлатса,сол ұпайды көп жинайды.
4-ойын.Допты түсірме.
Ойынның шарты:допты екі аяқтың арасына қысып, белгіге дейін түсірмей жүгіріп жету.
Қорытынды:
Ата-аналар сіздерге көп-көп рахмет, қараңыздаршы балаларыңыз сіздерге қандай риза болып тұр,жүздерінде қуаныш,көңіл бөліп келгендеріңізге,өздеріңіздеріңіздіңалғыр екендеріңізді көрсеттіңіздер,балалар көрдіңдермен ата-аналарың қандай керемет,
сендердің көңілдеріңнен шықтыма әке-аналарыңның ойнағаны ұнады ма?
Балалар:Әрине.
Тәрбиеші:
Олай болса ата-аналарыңыз үнемі аман-есен болып,қастарыңызда жүре берсін,сендердің қуаныштарыңды көре берсін,аспандарыңыз ашық болсын.
Ән:
«Әрқашан күн сөнбесін».
Жүргізуші:Кері қайту
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен Толағай ойыны аяқталды.
Келесікездескенше сау-саламаттаболыңыздар!