Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты – Қазақстан!

 

 

Тәрбие сабақтың тақырыбы: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты – Қазақстан!


(7 в -сынып арасында білім сайысы)

Тәрбие сабақтың мақсаты:

Білімділік: Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту.

Дамытушылық: Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сабақтың түрі: сайыс

Тәрбие сабақтың көрнекілігі: Слайд, мемлекеттік рәміздердің суреті.


Тәрбие сабақтың барысы:

Жүргізуші. Сәлеметсіздерме құрметті көрермендер!!!.

«Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты – Қазақстан» — атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Кіріспе:

Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің жарқын бейнесі. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде төл рәміздеріміз де дүниеге келді. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Назарбаевтың қол қоюымен тұңғыш рет еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Гимн қабылданды. Арнайы Жарлыққа сәйкес, 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтетін болдық.

Рәміздер — белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс-ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын білдіретін белгі. Әр елдің Мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени, тарихи жағдайларына байланысты қалыптасады. Мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі ерекше.

Жүргізуші сөзі: Құрметті сайыскерлер, сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!

1-кезең. Топты таныстыру. (Білім сайысының бірінші туры бойынша әр топ өздерін өлен жолдарымен  таныстырады)

2-кезең. Презентация. (жоба қорғау).

3-кезең. Кім жылдам ойыны.

4- кезең.«Ойлы болсаң озып көр». ( Ел, туған жер туралы мақал-мәтел сайысы)

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.

  1. Сарқытбаева Ш.А.
  2. Дүйсенбекова С.Ш.
  3. Байкадамова Г.П.

І – кезең.

Жүргізуші:
Таныстырып өздерін
Ұрандарын айтады
Білімдерін көрсетіп
Әділ баға алады.

Сайысқа қатысушы топтар өздерін өлен жолдарымен таныстырады.Бағалау шкаласы – 1-5 балға дейін.

ІІ- кезең. Презентация. Әр топ өздері дайындалып келген жобаларын қорғайды. Бағалау шкаласы 1-5 ұпай.

ІІІ- кезең. Сұрақтар.

Жүргізуші:Шарты: Барлық топқа  жалпы сұрақтар қойылады.Ең бірінші жалауын көтерген топ жауап береді.  Әр бір дұрыс жауапқа 1ұпай.

  1. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген? (Елтаңба)
  2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар?(Ту)
  3. Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады?(Әнұран)
  4. Мемлекеттік рәміздер күні (4 маусым)
  5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды? (Ел президенттін ұлықтау рәсімінде)
  6. Лонданда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында бірінші болып Қазақстанның Туын желбіретіп, Гимнін асқақтатқан спортшы?( Александр Винакуров)
  7. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай? (2: 1)
  8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл?
    (1992 жыл)
  9. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты? (Екі рет)
  10. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі? (Жұлдыз)
  11. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар? (Қанатты пырақ)
  12. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар? (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
  13. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
  14. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  15. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы ата заңымызда қай бапта кездеседі? (9)

ІV. Кезең: «Ойлы болсаң озып көр».Топ мақал-мәтелдің сыңарын айту керек . Әрбір дұрыс мақал-мәтелге 1-ұпай беріледі.

  1. Ел мен жер егіз.

 

  1. Жұрт дегенде жұмылып,

Ел дегенде егіліп.

 

  1. Туған жер — тұғырың,

Туған ел — қыдырың.

 

  1. Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

 

  1. Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

 

  1. Ел болам десең, бесігіңді түзе.

 

  1. Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы.

 

  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

  1. Отанды сүю – от басынан басталады.

 

  1. Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

 

  1. Егілмеген жер жетім,

Елінен айрылған ер жетім.

 

  1. Ел іші алтын бесік.

 

  1. Есің барда елің тап.

 

  1. Елуінде ер дана,

Елу жылда ел жаңа.

 

  1. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол.

 

  1. Өз елім — өлең төсегім.

 

  1. Ел құлағы елу.

 

  1. Отан – оттан да ыстық.

 

Қорытынды:Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.

 

Музыкалық номер: Көк тудың желбірегені!!!

 

Жүргізуші: Аленді сөзді біздің әділқазылар алқасына берейік

Жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!!