Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға етістіктердің жүзеге асу-аспауына қарай болымды және болымсыз етістіктер болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.



ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: ди. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасьш сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Болымды және болымсыз етістіктер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі не туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бүйрық райдың жекеше анайы II жақ түлғасымен сәйкес келеді. Мысалы: кел-ді—сен кел, бер-генбіз—сен бер, т.б. Бірақ бүл екеуі де бір емесе. Етістік шақ, рай, т.б. түлғаларда жұмсалғанда, оның түбірінде бүйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойнасам, (ол) көріпті, т.б. етістіктердің түбірлері ойна, көр. Бірақ бүларда бүйрықтық мағына жоқ. Сонымен бірге бүйрықтық мағына, демек, бұйрық рай түлғасы, тек бір түбір тұлғада ғана емес, етістіктің кейбір басқа түлғаларында да болып отырады. Мысалы: сен келтір-ме, сен ойнат-қыз, т.б. етістіктер бұйрық рай болғанымен, бүйрық райдың жекеше анайы II жағы деген үғымдар бір емес екендігін көрсетеді.

Сонымен бірге етістік қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын да білдіреді. Ондай етістіктерді болымсыз етістік дейді. Болымсыз етістік негізгі не туынды түбір етістіктерге -ма, -ме, -ба, -б, -па, -пе жүрнақтары жалғану арқылы және белгілі шақ түлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: бар-ма, көбей+ме, кеткен жоқ, жазар емес, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 228-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар. Бір сыңары болымды, бір сыңары болымсыз етістік болатын қос сөздерді кірістіріп үш сөйлем құраңдар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 229-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Мәтіндегі іс-әрекетті білдіріп тұрған сөдерге сұрақ қойып, етістіктің қай түрі болып тұрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 230-жаттығу жү_мысының шартын түсіндіремін: Қарамен жазылған етістіктің қүрамын және болымсыз етістік жасап түрған жұрнақтарды ажыратыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

Келесі тапсырма: 231 -жаттығу жұмысының шарты: Сөйлемдердің қүрамындағы етістіктерді түлғасына қарай талдаңдар.

Сабақтың қорытындысы:


  1. Сүрақ кою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 232-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өлең
    жолдарындағы етістіктің мағынасын анықтап, болымсыз етістіктердің қалай жасалып
    тұрғанын айтыңдар. Ақын өлеңіндегі ғибратты сөздердің мәнін түсіндіріңдер.