«Біз білімді баламыз»

 

Тақырыбы: «Біз білімді баламыз»

Мақсаты:


Балаларға білім күні туралы мағлұмат  беру.  күнделікті өздерінің  сабақтарының өзі де білім алудан тұратынын   үлкендердің нақыл сөздерін  келтіре отырып «оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ дегендей балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру»

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, бақылау, жеке жұмыс.

Жүру барысы:

Балалар әуенмен музыка залына  кіреді.

Жүргізуші:   Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық


Оқысаныз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алыңнан іздемей  ақ табылар

Сиса көйлек үстіңе

Тоқуменен табылған

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған

Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

  • Міне балалар дүниедегі барлық жақсы нәрсенің барлығы да оқумен, біліммен табылады екен. Балалар, 1 қыркүйек білім күні  екенін сендер  жақсы  білесіңдер,  сол  күні  біздер  алғаш рет  білім  хорын  аштық. Осы білім арқылы  біздер  жан-жақты  танып, өркениетті ел болып, болашағымызды жалғастырамыз. Мысалы сендер  балабақшадан  алғаш білімдеріңмен  мектеп  табалдырығын аттайсыңдар, одан алған білімдеріңмен жоғары оқу орнына  барасыздар. Сөйтіп  бір-бір  маман  иесі  боласыңдар. «Оқусыз білім, жоқ, білімсіз  күнің жоқ».

Балалар, сіздер білім  туралы тақпақтар, өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер білесіздер ме?

1.Мақал-мәтелдер.

2.Хор  «Отаным менің -кең  байтақ»

3.Тақпақтар

Айнаш, Абзал, Әлібек, Насиха, Әлішер, Динара, Айгүл, Айнұр, Нұрхан.

  1. Қызықты сәт:

4 сабақ болып 4 бала  кіреді:

Сауат ашу, есеп, сурет, ән.

Залға  айтысып кіреді.

Жүргізуші: Балалар мынау өзіміздің  күнделікті өтіп жүрген  сабақтарымыз ғой,  бұлар  мында  қайдан  келіп қалған. Өздері  айтысып  келе  жатыр ма?  тыңдайықшы  балалар  олар  не  үшін  айтысты  екен.

Сауат ашу- Сұлтан:

-Мені балалардың бәрі жақсы көреді. Мен  әріптерді оқуды, буынға  бөлуді үйретемін. Бәріңненде  мен жақсымын.

Есеп –Батырхан:

-Жо-жо-жоқ сен қателесесің сауат ашу балаларға бәрінен де мен  пайдалымын. Мен  сандарды тура санауды, қосуды, алуды үйретемін. Мен бәріңнен жақсымын.

Сурет-Гүлшат:

-Әй сабақтар сендер қойыңдар,  мен  тұрсам, сендер өздеріңнен басқа сабақ жоқтай айтысып жатырсыңдар ғой, мен  болсам  балалар  сурет  салуды  қайдан үйренеді.

Кәнекей айтыспаңдар.

Ән сабағы- Мейрамгүл:

-Әй сабақтар, сабақтар

Айтысуды қойыңдар

Ән сабағы тұрғанда

Сендерге не жорық бар.

Мен балаларға ән айтуды, би билеуді үйретемін. Неғылады мыналар.

Жүргізуші: -Балалар, тыңдап қарасақ, мына сабақтарымыз айтысып жатырған  сияқты кәнекей, сабақтар  айтыспаңдар. Біздің балалар  үшін бәрің де  қымбатсыңдар.  Сауат ашу  балаларға  әріпті  үйретсе, есеп сабағысыз біздер тіптен санды білмеген болар едік. Ал  сурет сабағынсыз біздің  балалар сурет  салуды  қайдан үйренген  болар  еді. Ән  сабағынсыз  біздің ешқандай  да  ертеңгілігіміз өткен емес. Мына  сабақтар  бір-бірімен  байланысып жатыр.

-Сабақтар, біздің  арнайы сабақ кестеміз бар сол арқылы біз сіздерді өзінің кезегімен өтеміз. Сондықтан да сіздер бұдан былай таласпаңыздар. Дос болыңыздар.

-Қазір біздер  бәріміз «Әріптер мен  сандар»  ойынын ойнаймыз. Әріпті бір бөлек, санды бір бөлек екі себетке бөліп салғызу.

Қазақ вальсі.

Жұмбақ жасыру.

Аппақ дала, қара дән

Сепкен дәнін түсінуге жараған    (әріптер)

 

Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттама       (кітап)

 

Аяғы  біреу қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп

Өзі сойлей білмейді

Салған ізі сөйлейді        (қарындаш)

 

Өмірді  сүртті

Өзгені құртты

Өзінде құртты           (өшіргіш)

 

Жазу жазып жалықпаған

Жаза-жаза арықтаған            (бор)

 

Орыс биі- «Гүлшат»

Қорытынды  сөз:

-Балалар  біздер  бүгінгі ертеңгілігімізде  білім  туралы  өзіміздің  бар  өнерімізді  ортаға  салдық. Сендер  білім  туралы  көптеген  өлеңдер, тақпақтар,  мақал-мәтелдер  біледі  екенсіздер. Алға  қарай да  осындай  өнерлеріңізбен  көріне  беріңіздер.

Хор:  «Отаным»

  • Осымен білім күніне  арналған «Біз білімді  баламыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!