Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақтың тақырыбы: Сабақты етістік пен салт етістік. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен
салт етістіктер болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтьщ түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі сабақта «Сабақты етістік пен салт етістік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп түратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі—не?) деген сүрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс сеептікте түруын талап етіп түр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тү_руы да мүмкін. Ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. Мысалы: Өлең айт—өлеңді айт, т.б. сонда табыс септігі айқын байқалады. Кейде тура объект мәнін білдіріп түратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сүрақ қою керек. Етістіктен кімді? нені? деген


сү_рақ қоюға болса, онда ол—сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, т.б. етістіктерден кімді? (нені?) айт? деп сүрақ қоюға болады.

Мағынасы жағынан тура объектіні—табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т.б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т.б.) қайт, ненітүсінде, т.б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бүлар—салт етістіктер.

Кейбір етіс жүрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жүрнақтары: -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді—шамды сөндірді, т.б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты—әңгіме айтылды, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 233-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мақал-мәтелдердегі ойды таратып айтыңдар. Олардың қүрамындағы етістіктерді тауып, олар қай септіктегі сөзбен тіркесіп түрғанын сүрақ қою арқылы анықтаңдар.Қайсысы сабақты, қайсысы салт етістік екенін айтыңдар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 234-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Етістіктің тіркесіп түрған сөздерінің қай септікте екенін анықтаңдар, оларға сүрақ қою арқылы етістіктің салт не сабақты екенін ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 235-жаттығу жүмысының шартын түсіндіремін: Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, салт етістіктердің астын ирек сызықпен сызыңдар.

Келесі тапсырма: 237-жаттығу жұмысының шарты: Мәтіннен сабақты етістікті тауып, оны өзі тіркесіп түрған сөзбен бірге теріп көшіріңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 236-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    «Адамгершілік—кісіліктің белгісі» тақырыбында ой-толғау жазыңдар. Оған төменде
    берілген сөз тіркестерін кірістіріңдер.