Жақия Т.Алшынбаев

Cабақтың тақырыбы:  Жақия   Т.Алшынбаев

Сабақтың мақсаты:оқушыларды жазушы шығармаларымен,мәтіннің мазмұнымен таныстыру,Ұлы Отан соғысының батырларымен,ерліктерімен таныстыру,Отанын сүюге,елін,жерін қорғауға тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру,ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлығын,шығармашылығын дамыту;

 Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту


Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, ой қозғау, жеке- топтық жұмыстар,Венн сызбасы

Көрнекіліктер: слайд,электронды қазақ үй

Технология: СТО стратегиясының элементтері

Өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. . –Топқа бөлу.-Топ ережесі

Психологиялық дайындық.

Күлімдеп күн бүгін,


Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады, қарады

Баршаға!

-Балалар,бүгінгі сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыға және топқа жұлдызша беріледі. Қай топтың жұлдызшасы көп болса, сол топ жеңімпаз атанады. Сіздерге сәттілік тілеймін!

  1. II. Үй тапсырмасын тексеру.
  • Өткен сабакта қандай тақырыппен таныстық?
  • Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
  • Жамбыл ата туралы не білесің?

Тақтаға шыққан оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады.

         Сәйкестендіру тесті.

Снайперші қыз                                  Хиуаз Доспанова

Рейхстагқа ту тіккен батыр              Қасым Қайсенов

Ұшқыш батыр қыз                             Әлия Молдағұлова

Партизан жазушы                              Рахымжан Қошқарбаев

III. Өз бетімен жұмыс.

1 – топ   Әлия             Жамбыл ата топтастару

2 – топ   Мәншүк       Батырлық ,ерлік туралы мақал-мәтелдер                                                                             3 – топ   Хиуаз            Бейбітшілік тақырыбына сурет салу

Әр топ өзінің жұмысын қорғайды.

IV.Поэзия минуты.

V.Видео көрсету.

VI.Сергіту сәті.                                                                                                            VII.Жаңа сабақты хабарлау.-Бүгін  Тұрдыбек Алшынбаевтың Жақия мәтінімен танысамыз.-Автор туралы түсінік беру.

VIII.Оқулықпен жұмыс.-Мәтінді үш топқа бөліп оқыту.

 IХ.Дәптермен жұмыс.-Ер есімі-ел есінде.

 Х.Венн сызбасы.

 ХI.Бекіту сұрақтары.

— Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?

— Ұлы Отан соғысы қай жылдары басталды?

— Әңгіме кім туралы?

— Қасымбек досы қалай қаза тапты ?

-Әңгімеде жау ұшқыштары мен танкілерін неге теңеген?

— Жақия досының ерлігін жалғастырды ма?

 ХII.Қорытынды. – Балалар,біздер жау жүрек батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз.Тек бейбітшілік болсын! Аспанда ақ көгершініміз қалықтасын!

 ХIII.Бағалау. Үйге тапсырма: мазмұнын айту.