Математика әлеміне саяхат

Математика әлеміне саяхат

тәрбиешісі Сабақтын мақсаты: Балаларды санауға, қосуға, алуға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, ауызша есептеу дағдыларын дамыту. Ой-өрісін, шығармашылық шеберлігін байыту, геометриалық  пішіндерді анықтаумен, көлік түрлерін құрастырып, санамақтар айтқызу.

Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, түсіндіру, сурақ жауап, ойын.


Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз.

Жайнап түссін даламыз.

Қайырлы таң ,қонақтар,


Қайырлы таң ,достарым.

Тәрбиеші: Айытқан тілектерін қабыл болсын!

Осындай әдемі сөздерді қайдан үйрендіңдер?

Балалар: Балабақшадан.

Тәрбиеші: Балабақшада сендерге ұнайма?

Балалар:Иә. (балабақша туралы тақпақ айтады)

Тәрбиеші: Балабақшаға сендер бір аптада неше күн келесіңдер ?

Балалар: Бес күн.

Тәрбиеш: Барлығы бір аптада неше күн бар?

Балалар: Жеті күн. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

Тәрбиеші: Кеше аптаның қай күні болды?

Бүгін қай күн?

Тәрбиеші:Олай болса бүгін « Математика сандар әлеміне саяхат» жасаймыз.

Ен алдымен күш жинап алайық. (1,2,3, мен жинаймын күш)

— Ағып тұрған суды көреді ,ол бұлақ. Бұлаққа келіп мақал- мәтел айтып шөлді қандырып, бұлақты айналып өтеді.

-Балалар өсіп тұрған алма  ағашқа келеді. Ағашта үлкен-кіші, қызыл-жасыл түсті алмалар өсіп тұр. Кәне алмасын алып көрейік, ол үшін алмадағы тапсырмаларды орындаумыз керек. Орындаймыз ба?

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Қыс мезгілінде неше ай бар?

3.Математикалық есеп:

Жанарда бар 2 сақина

Шынарда бар 2 сақина

Екеуінде болады қанша сақина?(4 сакина)

  1. суретпен жұмыс: (суреттегі мысықтарды табу)
  2. Санамақ айтып беріндер.

(орындаған алмаларды себетке салады)

Сергіту сәтін жасап алайық «Күн аспан»

«Математика сандар әлеміне» жетеді,  тақтада сандар ілінген ,олар геометриялық пішінде орналасқан, оларды ашу үшін сан туралы санамақтар  айту керек.

Балалар:

1- дегенім бүркіт,

Қорқады аңдар үркіп.

2-дегенім есек,

Білмейді ол есеп.

3- дегенім үкі,

Ұстап жеді түлкі.

4- дегенім тиін,

Қыста жылы киін.

5-дегенім бұлбұл,

Сайрағанда дұл-дұл.

6 –дегенім арғымақ,

Дөңдеу-жерден қарғымақ.

7-дегенім жайын,

Жайынңың жейміз майын.

8-дегенім серке,

Енесіне ерке.

9-дегенім түлкі ,

Жүрген жері күлкі.

10-дегенім оймақ,

Осымен сөзді қоймақ.

Дидактикалық ойын «Кім шапшаң»

-Төртбұрышта неше бұрыш бар?

-Ұшбұрышта неше бұрыш бар?

-Дөңгелекте бұрыш барма?

Жеке жұмыс: Осы сандарды пайдаланып бір-біріне қосу арқылы бір заттың суретін шығарып алуға болады. (жалау)

Тәрбиеші: Балалар есімізге түсірейік осы геометриялық пішіндерден қандай көлік түрлерін құрастыруға болады. Осы құрастырған көлікпен балабақшаға қайтайық  жалаумызды алып жолда «Кім ақылды және  жылдам» атты ойын ойнайық.

Әжеде бар еді 3 моншақ

Айгүлге берді2 моншақ

Неше моншақ қалды әжеде?

***********************

Апамда бар 2 білезік.

Әжем қосты тағы 3 білезік.

Апамда болды қанша білезік?

***********************

Сымның үстінде  3 торғай отыр

Оған 2 торғай ұшып келді

Барлығы неше торғай отыр сымда?

Тәрбиеші: Міне бізде балабақшаға да жеттік .

Сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма?

Қорытынды жасау.