Үй жануарлары. Қой, ешкі.

 

Тақырыбы: Үй жануарлары. Қой, ешкі.

Мақсаты : а) Үй жануарлары түйе,сиыр,жылқы,туралы түсініктерін кеңейте отырып,қой ,ешікімен таныстыру.Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейте отырып,адамдарға пайдасы бар екенін түсіндіру.Жануарладың тіршілігі адамның қамқорлығына,күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып,қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер : Үй жануарларының суреті,слайд.

Әдіс –тәсілдер: Сөздік,көрнекілік,ойын.практикалық.

Сөздік жұмыс:Сиыр-Корова, қой-овца,ешкі-коза.

Әрекет кезеңдері        Тәрбиешінің іс -әрекеті         Балалардың іс-әрекеті.

Мотивация

Ұйымдастыру кезеңі:

Қимылды ойын: «Кім шапшаң!»


Мақсаты: Үстел үстіне шашылған асықтарды тез жинаған балалар жеңімпаз болады.

Балалар үстел үстіне шашылған асықтарды тез жинауға тырысады.

Тәрбиеші: Балалар рахмет,енді орнымызға жайғасайық.

Күтпеген сәт:

Электронды карточка арқылы тәрбиеші балаларға білдіртпей бір тосын жасайды.

Мә-мә –мә деген тосыннан бір дыбыс естіледі.

Тәрбиеші : Ой балалар бұл не болды екен? Қай жануардың дауысы?

Өте дұрыс бұл төрт түліктің бірі қой мен ешкінің дауысы дейді.Сендерге көп рахмет ,ендеше бүгін біз осы үй жануары қой ешкімен танысатын боламыз.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысып ойнайды.

 

 

Балалар тосын дауысты естігенде таң тамаша болады.Бір-біріне таңырқай қарайды.

Апай бұл қойдың дыбысы ғой деп жауап береді.

 

Іздену ұйымдастырушы       Тәрбиеші :Ендеше балалар мен сендерге осы үй жануарлары туралы жұмбақ жасырамын,сендер сол жұмбақтың шешуін табуға дайынсыңдарма?

Балалар :Ия дайынмыз.

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар(қой)

  1. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар

Иегінде сақалы бар (ешкі)

Тәрбиеші: Ендеше балалар назарымызды теледидарға аударайық.

№1 слайд теледидардан көрсетіледі.

-Балалар мынау қандай жануарлар?

-Неге үй жануарлары деп ойлайсыңдар?

-Ал мыналар қандай жануарлар?

-Қойдың төлін не дейміз?

-Ешкінің төлін ше?

Қойдың орысша атауы-Овца

Ағылшынша атауы-

Ешкінің орысша атауы-Коза

Ағылшынша атауы-

-Ал олар немен қоректенеді?

-Шөп, су, жеммен қоректенеді.Біз оларға қамқорлық жасап,оларға жем ,су шөп беріп оларды күтіп баптауымыз керек балалар сонда ғана біз олардан жақсыпайдасын көреміз.

-Өте дұрыс балалар осы жануарлар үй маңында,қорада яғни адамның көмегімен тіршілік ететіндіктен үй жануарлары деп атаймыз екен.

-Соның ішінде Қой мен ешкі малы өте өсімтал екен.

-Мынау балалар ешкі малы,ешкінің сүтін ішеміз,етін жейміз,жүнінен әжелеріміз түбіт жасайды.Ешкінің сүті ананың сүтімен тең екен,ертеде осы ешкі малының сүтін емдік үшін пайдаланған екен.

-Ал мынау қой малы,қой малыныныңда сүтін ішеміз,жүнінен киіз басып,түрлі киімдер тоқимыз.Бір сөзбен айтқанда осы төрт түлік малдың адамдарға пайдасы көп екен.Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Мал олардың киімі, тамағы,көлігі,тіпті балалар осы төрт түлік малдың қиын отынСондықтанда осы төрт түлік малды жақсы көріп,оларды көбейтуді көздеген екен.

-Ал балалар мынау не?

-Асық.

-Ия өте дұрыс балалар бұл асық,асықты қой малының асық жілігінен аламыз.

(түрлі түске боялған асықтар арқылы түстерді айыру,ажырату және неше түсті асық бар екенін сұрау)

№2 слайд теледидардан көрсетіледі.

-Қой мен ешкі малының айырмашылығы барма?

-Ия ешкі малының сақалы бар,мүйізі бар,түстері әр түрлі.

(сурет бойынша айырмашылықтарын сипаттау)

Топтастыру: етін жейміз

 

киіз басамыз сүтін ішеміз

қолғап тоқимыз  тон тігеміз

жүнін аламыз

 

Оларға қамқорлық көрсету үшін:

Қораға қамайды

Жем береді         Оларды бағады

Су береді Шөп салады

Қорасын тазалайды Сауады

Үстін тазалайды.

Көлеңке театры: «Ненің көлеңкесі?»

 

-Балалар сендерді аналарың,әкелерің,ата-әжелерің не деп еркелетеді?

Міне осы төрт түлік малда өз төлін еркелетеді екен.

Қой сүйеді баласын, қоңырым деп

Ештеңені білмейтін момыным деп,

Ешкі сүйеді баласын лағым деп,

Тастан –тасқа секірген шұнағым деп.

Балалар қой қалай дыбыстайды?

-Қой мен ешкіні қалай шақырамыз?

-Ешкіні шөрелеп ,шөре-шөре

-Қойды пұшайт-пұшайт деп шықырамыз

-Осы төрт түлік малдың өз пірі,яғни қамқоршы аталары болады екен

-Қой атасы кім балалар?

-Шопан ата

-Ешкі атасы?

-Сексек ата

-Өте дұрыс балалар.

Дидактикалық ойын: «Өз төлін тап?»

(жек баламен жұмыс)

-Балалар енді зейінімізді теледидарға аударайық.

 

№3 слайд. Теледидардан көрсетіледі.

(Бейне сюжет арқылы үй жануарларының тыныс тіршілігін тамашалайды)

Бейне сюжет арқылы сұрақтар беру.

-Балалар ,енді үй жануарлары туралы көп ақпарат алып,олардың тіршілігін бейнетаспадан көрдік,енді осы жануарлардың тіршілігін өз көздеріңмен көріп,оларға қамқорлық жасағыларың келеме?

-Ендеше балалар ата мен әженің мал бағып отырған жайлауына саяхатқа барсақ қайтеді?

-Жайлау бізге алыс емес екен,ендеше таза ауада жақсы ән айта отырып жаяу барайық.

-Балалар жайлауға келіп қалдық.

-Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе ! Әже біз балдырған балабақшасының ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен бірге сіздің үй жануарларыңызды өз көзімізбен көруге және олардан қандай өнім алуға болатын менің балаларым білгісі келеді.

Әже: Ал жарайсыңдар! Сендердің келетіндеріңді білмедік,Аталарың қысқы шөп қамымен егістіктегі алқаптың соңғы шөптерін жинауға кеткен.Мен жайлауда өзіммін жүріңдер мен сендерге көрсетейін.

 

Әже сізге көп рахмтет,енді біз балабақшамызға қайтайық сіз арқылы балаларымыз көп нәрсені өз көздерімен көріп,қолдарымен ұстап үйренді.

Әже : балаларым сендерге көп рахмет,маған біршама қолғабыз еттіңдер!

№4 слайд теледидардан көрсетіледі.

Дидактикалық ойын: «Бұл қандай жануардың дауысы?»

-Балалар енді осы үй жануарлары туралы тақпақ білесіңдер ме?      Балалар жұмбақтың шешуін табады.

 

Балалар назарын теледидарға аударады.

 

-Үй жануарлары.

-Себебі,адамдардың қасында,қорада тіршілік етеді.

-Қой,ешкі

-Қозы.

-Лақ.

-Шөп, су, жеммен қоректенеді

Балалар зер салып тыңдайды.

-Асық.

Балалар түрлі түсті асықтардың түсін ажыратып,айтады.

Балалар қой мен ешкінің айырмашылықтарын айтады. Оларды тақтаға шығып топтастырады.

Қай жануардың көлеңкесі екенін ажыратады.

Аналарының недеп еркелетіндерін айтады.

Мә-мә-мә

Ал ешкі ше?

Ме –ме-ме

-Ешкіні шөрелеп шөре-шөре

-Қойды пұшайт-пұшайт деп шықырамыз

-Шопан ата

-Сексек ата

Балалар алдарына берілген тапсырмаларды орындайды. Төр түлікті өз төлідеріне сызық арқылы қосады.

Балалар бейне сюжет арқылы жануарлардың тыныс тіршілігімен танысады.

-Ия.

-Балалар ата мен әжемен амандасады.

Жайлауға келіп балалар атай мен әжеге қолғабыс береді.

Балалар екі топқа бөлініп қыздар жағы әжеге жүн түтіп көмектессе,ал ұлдар астауға шөп салып,жем,су беріп және атайға көмегіміз болсын деп қора құрастырып береді.