Етістер. Өздік етіс

Сабақтың тақырыбы: Етістер. Өздік етіс. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға етістер, олардың түрлері, өздік етіс болып
бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.



Сабактың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Етістер. Өздік етіс» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты деген сөйлемдерде жуу қимылы іс-иесінің (орындаушының) өзіне қарай бағытталғанын, оқу іс-әрекеті тікелей қимыл иесі (ол) арқылы емес, екінші бір іс иесі (баласы) арқылы орындалғанын, айту іс-әрекеті өздігінен орындалғандай болуын, іс-әрекеті қимл-іс иесінің біреу емес, бірнешеу (олар) екенін білдіріп түр да, ол мағыналар түбірге -ын, -т, -ыл, -ыс жұрнақтары жалғану арқылы берілген. Соған орай етістер 4 түрге бөлінеді: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс және ортақ етіс.

Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт-қыз-ба, ки-ін-бе, т.б. Өздік етіс.

Қимыл, іс-әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге -ын, -ін, -н жүрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: таң атқанша тарандық деген сөйлемдегі тарану қимылы әрі белгілі бір іс иесі (орындаушы)—біз (тарандық) арқылы орындаоғанын, әрі қимыл сол иесіне бағытталғанын білдіріп түр.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 238-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Қажетті жүрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.

Келесі тапсырма: 239-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар, қалай жасалғанын айтыңцар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 240-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өлеңді
    оқып, өздік етістердің қалай жасалғаыына көңіл аударыңдар. Оларды мәтіннен теріп
    жазыңдар. Мәтіндегі көнерген сөздің мағынасын анықтаңдар.

Тексердім: