Теңдеулерді шешудің әр түрлі тәсілдері.

Теңдеулерді шешудің әр түрлі тәсілдері.

4 сынып

Сабақтың мақсаты:


1.Оқушылардың теңдеуді шешудің әртүрлі тәсілдері туралы білімдерін жетілдіру, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру,

2.Есте сақтау қабілетін, қызығушылығын, топтық жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

3.Алға қойған мақсаттарына жетуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, топтық жұмыс, миға шабуыл, ойын стратегиялары

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, қазақ халқының спорт ойындарының түрі,үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі.

А) психологиялық дайындық.

— Кәнеки, балалар сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Ә) миға шабуыл

— Бүгін қандай күн?

-Ең кіші үш таңбалы сан?

-Күз айларын ата.

-Көбейту амалының компоненттері.

-Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

Б) Сыныпты 3 топқа бөлу. Ат қою.

I- топ «Білім» тобы

II- топ «Ақыл» тобы

III- топ «Достық» тобы

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Өйткені,бүгін ұлттық ойындарға қатыса отырып, тапсырмаларды орындаймыз.

-Кәне, бәрің де өз білімдеріңді ортаға салып, білімдеріңді көрсетуге, ат салысыңдар.

II.Үй тапсырмасын тексеру. Слайд1   «Асық» ойыны

№9 Амалдарды орында

1260: 7=180                 584032:8=73004       14м25см*5=71м 25см

44382:6=7397              107855:5=21571        16кг702г*8=133кг 616г

45м 35см:5=9м 07см

24кг704г:8= 3кг 08

-Теңдеуді шешу дегеніміз не?

-Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

Слайд 2

III. Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс

Слайд 2 «Көкпар» ойыны

-Теңдеуді дұрыс, әрі шапшаң есептеген оқушы «Қыз қуу» ойынында жеңіске жетеді.

№1. Теңдеулерді шеш және тексер.

Х+20*8=2600                    40*6+х=9400                     х*(40:4)=12600

Х+160=2600                      240+х=9400                       х*10=12600

х=2600-160                        х=9400-240                        х=12600:10

х=2440                               х=9160                                х=1260

2440+20*8=2600              40*6+9160=9400                 1260*(40:4)=12600

2600=2600                        9400=9400

Слайд 3

Р=3+3+х:4                 «Теңге алу ойыны»  №3 есеп

Үшбұрыштың екі қабырғасы 3сантиметрден ал оның үшінші қабырғасы х см. Үшінші қабырғасы берілгендегіден 4 есе кем болатын үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жаз.

Слайд 4                «Аударыспақ» ойыны №4 есеп

а: 80*5                     70:5+42:х

(90+с)*60                 984+324:а+412

Слайд 5              «Қазақша күрес» №5 есепті шығар

Басқұрдың ұзындығы 3м, бұл қыл арқаннан 5 есе қысқа. Қыл арқанның ұзындығы қандай?

Шешуі: 3*5=15м

Жауабы: қыл арқанның ұзындығы 15 м

Х:5=3

х=3*5

х=15

15:5=3

IV Ой сергіту сәті.

3топқа сұрақтар беріледі. Қолдарындағы таяқшалар арқылы тез жауап береді.

1.Оқушы 48 беттік қалың дәптер сатып алды. Осы дәптердің бетін нөмірлеу үшін барлығы неше цифр қажет? (96 цифр қажет)

2.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді?

1 ат неше шақырым жүрді. (40 шақырым)

  1. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші баспалдақты басу керек? (8-баспалдақты басу керек)
  2. Топпен жұмыс. 3 топқа тапсырма беріледі.

I –топ.

Ауыл мен қаланың арасы 210км. Қаладан ауылға жету үшін студент алдымен 50 км/сағ жылдамдықпен жүретін автобусқа отырды. Одан кейін жолдың қалған 60 километрін машинамен жүрді. Студент автобуспен қанша уақыт жүрді. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

50*х+60=210

50*х=210-60

50*х=150

х=150:50

х=3

50*3+60=210

II- топ.

Теңдеулерді жаз және оны шеш.

14648 бен белгісіз санның айырмасы 54 пен 48 дің көбейтіндісіне тең.

14648+х=54*48

14648-х=2592

х=14648-2592

х=12056

14648-12056=54*48

2592=2592

III-топ.

Әрқайсысында 48 адамнан 14 автобуспен балалар серуенге барды. Оның  309-ы ер балалар, қалғандары –қыздар. Серуенге қанша қыз барды?

Шешуі: 48*14-309=363(қ)

Жауабы: Серуенге 363 қыз барды.

-Жарайсыңдар, топпен жұмысқа белсенді қатыстыңдар.

Слайд 6 «Бәйге» ойыны     Фигуралардың ауданын тап.

S=2*2                      S=2*3*2                        S=2+6                 S=2+8+2

S=4 см2                                  S=6см 2                                      S=10см2                      S=12cм2     

S=1*2                         S=2*4                           S=1*2

S=2см2                                    S=8 см2                         S=2

Слайд 7      «Арқан тарту»   №Амалдарды орында:

5000-11764:4=2059

7040*4+96024=124184

175707:7-9384=15717

Слайд         Шығармашылық тапсырма

333*3-111*3+

  1. тапсырма: №6, №7, №9 (2 бағаны) 123 бет
  2. Бағалау