Өзгелік етіс.

Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға етістер, олардың түрлері, өзгелік етіс болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, корытындылау.

Сабақтын көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Өзгелік етіс» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі, яғни субъектінің тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады. ол жұрнақтар мыналар:

  • -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, т.б.
  • -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір: сал-дыр, сен-дір, ас-ыр, т.б.
  • -т: жаса-т, сөйле-т, т.б.

Демек, өзгелік етісті сөйлемде қимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі—сол қимылды орындатушы, екіншісі—қимылды тікелей орындаушы. Мысалы, Ол баласына өлең айтқызды деген сөйлемдегі айту қимылын істеуші—ол. Бірақ бұлар өздері тікелей істеп отырған жоқ, қимыл, іс-әрекетті екінші біреу арқылы, яғни баласы арқылы істетіп отыр.

Кейде бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді: сөйле-т-кіз-беді, қаз-дыр-т-қыз-ды, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 241-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.

Келесі тапсырма: 242-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдердің құрамынан өзгелік етісті теріп алып, олардың түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажыратып жазыңдар. Мәтіндегі күрделі сөздердің түрін ажыратыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 243-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген
    өзгелік етістерді қолданып, сөз тіркесі мен сөйлем қүраңдар.