Көктем лебі

Көктем лебі

Ұрғылап омырауын тас жағаға,

Буырқанып шашты өзен ақ көбігін.

Айдынында би билер ақ шағала,

Көтеріп көктем лебі шат көңілін.

Естисің небір күміс үнді,

Сыңғырлап сықылықтап қыздар -дағы.

Көресің сұлулықты, ай мүсінді,

Жайнайды қырдың гүл-гүл қызғалдағы.

Табиғат сілкіп тастап сән кемесін,

Қарашы гүл жайнаған нәрлі өңірге.

Қалайша құс қаңқылдап, қыз күлмесін,

Сезімнің сиқыры енсе әр көңілге.