Бауырсақ ертегісі. (Қуыршақ театры арқылы көрсету)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Бауырсақ ертегісі. (Қуыршақ театры арқылы көрсету)

Мақсаты:  Балалардың әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету;

Сабақ барысы: Ертегі әуенімен балалар топқа кіреді.

Шеңберге тұрып,шаттық шеңбер айтады.

Амансың ба,алтын күн,

Амансың ба,көк аспан.

Амансың ба,достарым

Сендерді көрмесем сағынам.

Ертегілер еліне саяхат.

Ғажайып сәт:  Қоян ертегі суреттерін әкеледі. Алдынғы сабақтарда өткен ертегілерді суреттерді көрсете отырып сұрау.Қай ертегі екенін,қандай кейіпкер екенін сұрау. Шалқан ертегісі,шұбар тауық,үш аю,Маша мен аю.

Балаларға сурет көрсетіп,жаңа ертегімен таныстыру.

Тәрбиеші ертегі мазмұнын қуыршақ театры арқылы түсіндіреді.

Сергіту сәті:  Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып секірді.

Ертегіні қайталап сұрау.

Сұрақтар қою.

1.Бауырсақты кім пысырды?

2.Бірінші кімді көреді?

3.Аю

4.Қасқыр

5.Түлкі

Рет-ретімен айтып шығады.

Ормандағы аңдардың бәріне жететіндей бауырсақ дайындап берейік.Балалар орындарынан тұрып,тұзды қамырдан бауырсақ жасайды.Балалардың саусақ маторикасын жетілдіру.Алақандарына салып домалату арқылы бауырсақ жасату.

Техника қауіпсіздік ережелерін айту.

Дайын бауырсақты қояннан орман жануарларына беріп жібереді.

Сабақты қорыту.Жақсы қатысқан балаларды мақтау,мадақтау.