Ырықсыз етіс

Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға етістер, олардың түрлері, ырықсыз етіс болып
бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке т
әрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Ырықсыз етіс» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Іс-әрекеттің арқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істелетіндігі көрініп, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса, -ын,-ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады және өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орында-тамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 244-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Етістіктердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Келесі тапсырма: 246-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ырықсыз етістерді тауып, қандай жұрнақтар арқылы жасалып түрғанын айтыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 245-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Төленді,
    салынды, отырғызылды, кешіктірілмеді, шақырылды, өсірілді деген ырықсыз етістерді
    қолданып м
    әтін құраңдар. .

Тексердім: