Жас математик

Тақырыбы : Жас математик

Мақсаты:

Білімділігі : оқушылардың білім  қабілетін тексеру.


4 –сынып оқушылары арасынан математика пәні бойынша «жас математик» болуға қызығушылығын ояту.

Дамытушылығы:

Оқушылардың  тереңнен ойлау, еркін сөйлеу,ой ұшқырлығын арттыру.

Тәрбиелігі:

Оқушыларды  шапшаңдыққа ,дәлдікке тәрбиелеу.Тапқырлыққа берілген тапсырманы жылдам, дұрыс орындап,білім мәресіне жеткен оқушыларды мадақтау.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,есептер ,тапсырмалар

Түрі:   Сайыс сабақ


Типі:  Ойын түрінде

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе:

-Құрметті ұстаздар ,оқушылар! 4-сынып оқушылары арасында  өтетін «Жас математик» атты сайыс сабағын көруге шақырамыз.

Білімнің ғылымына бойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Математика қызыққа тоймайтұғын,-деп математика ғылымына осылайша баға берген екен.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің  арқалаған қоғамдық жүгі бар.

Бәрінен де  ең бастысы

Қатты істейтін миы бар! – дей келе , сайыскерлерімізді қошеметтеп ортаға шақырайық.-

Сайыс ,сайыс, көңіл шіркін ,тасысын,

Сайыс ,сайыс, жанкүйерлер «бас» ұрсын.

Әділ қазы төрелігін айтатын,

 

 

Алдарыңда қиын өткел ,асу, шың.

-Ендеше сайысымызға төрелік ететін әділ қазы апайларымызды сайлап алайық.

1.

2.

3.

Бүгінгі  сайысымыздың кезеңдерімен таныстыра кетейін.

1.Таныстыру

  1. Математикалық эстафета
  2. Ғажайып алтылық

4.Ұшқыр ой

  1. Тіл өнер
  2. Қас қағым сәт

7.Қорытынды.

Сайысымыздың кезеңдерімен таныс балсақ , 1-кезеңге кезек берейік.

1.Таныстыру

Математикте бола алмас
Жақсы шумақ туылмай
Көңілге әсте қона алмас-дей келе 2 кезеңіміз

ІІ.Математикалық эстафета.

Бұл сайыста екі топқа 4 есеп беріледі.Сол есептерді орындап әділқазы мүшелеріне тексертеді.Әр есепке 1 ұпай беріледі.

«Қыран» тобына                                                   «Тұлпар» тобы

1)404 : (200 + 2) = 2                                      23+441+159+257=890

2)     23 + 67 + 159 + 41 = 290               7000-14=6996

3)23 + 111 + 159 + 7 = 300                   1148-1148=0

4) 960 : (45 : 15) = 16                           17*5+243=328

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады,- деп Асанқайғы атамыз айтқандай келесі сайысымыз

 

 

ІІІ-кезең. «Ғажайып алтылық» деп аталады

Екі топта ұяшық таңдайды ұпай ұяшық саны бойынша беріледі,ал сұраққа жауап бере алмаса ұпай берілмейді.

20-ұяшық.

1.Қарлығаштың  43 теңгесі бар еді. Оған ағасы тағы 57 теңге берді.Ол осы ақшаға әрқайсысы 10 теңге  тұратын дәптер сатып алды.Қарлығаш неше дәптер сатып алды?

(10 дәптер)

2.Ағасы  16 жаста , ал қарындасы 8 жаста. Қарындасының жасы ағасынан неше есе кем?

(2 есе)

 

30-ұяшық

1.Бір адам қалаға бар жатыр еді , жолда үш танысы қарсы шықты.Қанша адм қалаға барды?

(Бір)

2.Азайтудың компоненттерін ата

40-ұяшық

1.Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы  бар. Сол жанұяда қанша  бала бар?

(5 ұл ,1 қыз)

  1. Көбейтудің компоненттерін ата.

(Көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні)

ІY- кезең. «Ұшқыр ой»

Ал келіңдер келіңдер,

Дұрыс жауап беріңдер.

Білімдеріңді көрсетіп

Алға оза беріңдер!

Екі  топтағы  оқушылар  тест  тапсырмаларын орындайды.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

«Қыран» тобына

  1. 54518 санында барлығы қанша жүздік бар?

а) 54 жүздік

в) 5451 жүздік

с) 545 жүздік

  1. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

а) 634= 600+34

 

 

в)6349=6000+300+40+9

с)6349=6000+300+40+9

3.Ең үлкен бес таңбалы санды көрсет

а)9599

в)9999

с)10000

4.Есепте:      356:4

а) 91           в) 89             с)43

  1. 8 санының кубын тап.

а) 64

в) 510

с) 464

«Тұлпар» тобы

1.Өрнектің мәнін тап:97 мен 45-тіңқосындысынан 34-ті азайт.

а)118        в)108     с)106

  1. Теңдеудің дұрыс шешімін тап:

Х пен 95-тің қосындысы  123-ке тең

а)28      в)218  с) 38

  1. 20000 санынан кейінгі сан қайсысы?

а)20001          в)19999     с) 19991

  1. 470050 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

а)470050+50                  в) 400000+70000+50     с)470050=470000+50

5.7 он мыңдық 4 мыңдық 6 жүздіктен тұратын санды тап.

а) 70460     в)74600     с)70600

V-кезең   «Тіл-өнер»

Мәре  болған білімге,

Мән көп ана тілінде.

Сөз беремін алдымен,

Сүйікті біздің тілдерге.
Шарты; Оқушы мақал мәтелдердің айтылмай қалған бөлігін тауып, орыс тіліндегі аудармасын айтады.
1….- жылда ел жаңа ( Елу-пятьдесят -… )
2 Ағайын – алтау, Ана -…..
3 Батыр бір өледі, Қорқақ…. өледі
4 Қызға….. үйден тыйым
5 Айдағаным…. ешкі, Ысқырығы жер жарар
Екі елі ауызға,… елі қақпақ
Ат баспаймын деген жерін,….. басады
Бір тал кессең,…. тал ек.
VІ. «Қас қағым сәт» Сұраққа жауап беру  керек

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
«Қыран» тобына

1.Бір шеті тұйықталған түзу   (Бәйшешек)

2.Махамбеттің досы    (Исатай)

3.Мал ішіндегі ең момыны (қой)

4.Ұя салмайтын құс (көкек)

5.Аптаның үшінші күні  (сәрсенбі)

6.Нан алынатын өсімдік (бидай)

7.Шоқанның  өз аты (Мұхамед Қанапия)

  1. екіні өзіне үш рет көбейтсе қанша? (8)
  2. 1 жылда қанша күн бар (365 күн)

10.Конституция күні  (30 тамыз)

 

«Тұлпар» тобы

  1. Екі шеті тұйықталған түзу (кесінді)
  2. Қазақтың көшпелі үйі (киіз үй)
  3. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
  4. 1 сағаттың жартысы ( 30 минут)
  5. Қырық ауыз өтірікқұрастырғыш бала (Тазша бала)
  6. Абайдың өз аты (Ибрагим)
  7. Аптаның бесінші күні (жұма)
  8. Төр түліктің төресі (түйе)
  9. Абайдың әжесі (Зере)
  10. 10х10=? (100)

 

 

Қорытынды:

Ғылымдардың  патшасы атанғансың,

Евклид,Фалес,Пифогордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке ,жалғандыққа

Жасықтанемессің сен,қаталдансың,

«Ақыл-ойды тәртіпке  келтіретін»

Нағыз пән атанғансың,-деп бүгігі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз әділқазы алқаларына береміз.