«Ауыз әдебиет үлгілерінде кездесетін құмырсқаның сюжеттері »

 

 

Тақырыбы: «Ауыз әдебиет үлгілерінде кездесетін  құмырсқаның  сюжеттері »


Дайындаған: №28 «Ақбай» жом, 9 «В» — сынып оқушысы Дәрменова Ділбар

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі Ж. Торегелдиева

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысында  ауыз әдебиеті туралы толық мағлұмат беріліп, түрлеріне тоқталып,  шет елдердегі жазушылардың еңбектерімен танысып , салыстырмалы түрде жан- жақты қарастырылған. Сонымен қатар ауыз әдебиет үлгілеріндегі  кейіпкер құмырсқа сюжеттерін жіті қарастырып тәрбиелік мәніне аса көңіл бөле алған.

Бұл  зерттеу жұмысында  құмырсқалардың түрлері, даму жолдары, емдік қасиеттері, ауа- райын болжам жасау түрлерін, аңыз – әңгімелері зерттеліп, ғылыми тұрғыдан  жазылған  және қабылдауы жеңіл, әрі қызықты баяндалған.

Аннотация

Этот научный труд содержит полную информацию об устном народном творчестве, о его видах, включая, произведения зарубежных писателей. Особое внимание уделено образу муравья, как полажительному герою многих устных литературных произведений.


В этом научном  труде подробно говориться о разновидностях муравьев, о трудолюбии, об их удивительных способностиях предвидеть изменения в погоде. Все  это тщательно изучено и предававлено в этом труде в интересно и доступной форме.

Annotation

The ifull information about oral folk creation, about its forms, includinq works of foreiqnt writers, is presented in this research work. Partiqular affention is qiven to an ant, beqaue the ant is considered as a positive hero in mamy oral literaru works.

This research work fells us about different fupes jf Anfs, about their ways of livinq, about their  amazinq abilities fo foresee the chanqls of weafher. All these thinqs were fhorouqbly studied and presented in a very in ferestinq and accessible way.

Кіріспе бөлім

Француздың заманауи жазушысы Бернард Вербердің зерттеу желісі

Бернард Вербер  «Құмырсқалар», «Құмырсқа күні» және «Құмырсқалар революциясы» деп аталатын үш кітап сол бойда осы аймақтағы оқырман қызыға оқитын шығармаға айналып шыға келеді. Былай қарағанда түкке тұрғысыз көрінетін жәндіктерді кейіпкер етіп алған фолианттың татымды табысқа жете қоятын шамасы жоқ сияқты еді. Оның үстіне француз әдеби сыны кітаптардың әдепкі дебютін оншалықты жылы қабылдай қоймаған-тын. Бірақ кітап оқушы қауым ол сындарды құлаққа да қыстырмады. Соның арқасында құмырсқалар құжырасы мен құдіреті жөніндегі шырғасы шымыр шығармалар қысқа уақыттың қылтасында Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріне толассыз тарап, бірден рекордтық көрсеткіш – 10 миллион таралымды көрсетті. Сырт көзге кішкентай жәндіктің несін жазады дерсіз, мені қызықтырғаны құмырсқалардың қажырлы еңбегі шыдаммен зерттеп бүкіл әлемге таратқандығы болды.

     Зерттеуші, әдебиетші ғалымдардың құмырсқаны зерттеудегі пікірлері

Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған «Бың Цау Гаң Му» кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты  деректер келтірілген. Құмырсқаның денесінде 70 – тен астам микроэлемент, 20- дан астам амин қышқылы, дәрумендер бар.Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады.Құмырсқаларға жүргізілгкен зерттеулер нәтижесінде  олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады.

Құмырсқалардан емге құмырсқа қышқылы алынады. Халықтық медицинада құмырсқа қышқылын қолдан жасап шығаруға да болады.      Ол үшін шөлмек ыдысқа көптеген құмырсқаларды салып үстіне медициналық спирт  құйып қараңғы жерге 10 күнге қойып қояды. Дайын болған тұнбаны , суықтағанда емге пайдалануға болады

Сонымен қатар ертеде ата- бабаларымыз құмырсқаның илеуіне қарап ауа- райын, табиғат апаттарын да болжам жасап, батыс – шығыс бағыттарын анықтауға компас ретінде де пайдаланған. Бұған дәлел жер қозғалар алдында құмырсқалардың тіршілігі өзгеріске ұшырап , түні бойы қарбаласқа түсетіні анықталған. Құмырсқаның илеуінің жақтауына қарап топырақ қай жағында биік таяздығына қарап бағытты банықтап отырған.

Оңтүстік Азия елдері,Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады екен.

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі — халықтың ауыз әдебиеті.

Ауыз әдебиеті — ертеден келе жатқан мұра. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнгс дейін дәлелденбей келеді. Әйткенмен , орыстың және шетелдердің бірсыпыра ғалымдары ауыз әдебиетінің шығу жайына біраз көңіл аударып әр түрлі пікірлер айтқан-ды. Олар ауыз әдебисті қалай туды, қалай дамыды дсген мәселені өздерінше баяндап, әр алуан теориялар шығарған-ды. Бұл теориялар-дың қазақ ауыз әдебиетіне тікелей қатысы болмаса да, жалпы ауыз әдебиетін зерттеуде алған орны да бар еді. Сондықтан бұл теориялардың кейбіреулеріне шолу ретіндс қысқаша тоқтай кетелік. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рссейдс ауыз әдебиетін зерттеген буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды.

Ресейде А. Н. Пыпин В.В. Стасов. А.Н. Веселовский т. б. галымдар қолдады. Ауыз әдебиетініңі басқа елдердің ауыз жағынан салыстыра зерттеді және әр ұқсас келетін сюжеттерге айрықша нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетіңде екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай олар бір-бірінен ауысып алган дейді Сөйтіп, олар әрбір халыктың творчестволык қабілетін жоққа шығарады.  Бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасамаған шалғай жатқан халықтар-дың ауыз әдебиетінде ұқсас сюжеттердің болу себебіне Г. В. Плеханов та айрықша көңіл аударған болатын. Ол өзінің “Адрессіз хат” дейтін еңбегінде ауыз әдебиетіндегі сюжет үқсастықтарын халықтардың тұрмыс-тіршілік, шаруашылық, қоғамдық жағдайларының ұқсастығынан іздейді.

Осы ретте мысалға Манас пен қобыланды батыр жайындағы жырларды алайық. Мұның бірі — қырғыздың, екіншісі — қазақтың жыры. Осы екі батырдың туысын жырлауда үлкен ұқсастық бар. Манастың әкесі Жақып баласыз адам болады. Көп уақыт оның еліне жау шабуылдап күн көрсетпейді. Жақып құдайдан бала тілейді, жауға қарсы күресетін, ел қорғайтын ұл бер дейді.

Ал қобыландының әкесі Тоқтарбай да осындай. қызылбастардан қысым көре берген Тоқтарбай құдайдан басқыншылардан елді қорғай алатын бала бер деп жалбарына-ды.Сырт қарағанда бір-біріне өте ұқсас келетін бұл сюжетті қазақ ақындары қырғыздан немесс қырғызжыршылары қазақтан алған секілді болып көрінеді. Шынында олай емес. Бұл сюжет осы екі халықтың ертедегі өмірінен алынады. Тарихи деректерге қарағанда, қазақ пен қырғыз елі көп уақыт шетелдік басқын-шылардың шабуылын көрген. Сондай жагдайда басқыншыларга қарсы аттанып, жаудан ел-жұртын қорғап қаларлық ұлды қырғыз да, қазақ та арман еткен. Мұны олар өздерінің жырына да қосқан.

Ауыз әдебиетінің түрлері  тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т. б.Ауыз әдебиетіндегі түрлі еңбектерді оқи отырып бүгінгі жобама арқау болған «Халық ауыз әдебиет үлгілеріндегі құмырсқаның сюжеті» тақырыбын өзімше зерттеп сіздерге ұсынғалы отырмын.

Мен   Г.В. Плеханов мырзаның зерттеуін негізге ала отырып адам мен  құмырсқаның тіршілік етуі мен өмір сүруінде ұқсастықтар өте көп екенін байқап қана қоймай ,  ауыз әдебиетіндегі аңыз- әңгімеге үлгі ретінде бас кейіпкер образын сомдағанын түсіндім. Құмырсқалардың еңбекқорлығынан адамзат баласы көп үлгі алсақ болатынын меңгердім.  Енді өз халқымыздың  арасында айтылып жүрген халық ауыз әдебиет үлгілеріндегі құмырсқа сюжеттеріне  үңіліп көрелік.

 Ауыз әдебиетінде кездесетін құмырсқаның сюжеттері

Ауыз әдебиетінде аңыздарға сүйенсек , бала  естіп өскен Сүлеймен пайғамбардың құмырсқамен сөйлескені туралы тағылымды тәмсілдер еріксіз оралар еді. Сол әпсаналардың бірінде пайғамбар өзінің жер қайысқан қалың қолымен құлан жортпас құла дүзде келе жатып, құмырсқаның илеуіне кезігеді. Атты әскердің жүрер жолын ерсілі-қарсылы кесіп өтіп жатқан сол көп жәндіктің бірін кенет еңкейіп, қолына алған Сүлеймен жер бетіндегі күллі жан-жануардың тілін білетін қабілетін пайдаланып, оған қарап тіл қатады:

— Маған мынаны айта қойшы, құмырсқа, сендер барлық уақытта тыным таппай бірдеңелерді істеп  жүресіңдер, бір затты бір орыннан екінші орынға тасып, әуреге түсіп жатасыңдар, әлдеқандай бір себепсіз-ақ басқа жаққа үдере көше саласыңдар.    Осының қандай мәні бар?

Бұған құмырсқа былай деп жауап береді:

Аңыз барысында  бетіне адам баласы тіке қарап сөйлемеген ел билеген  патшаға кішкентайлығына қарамай қайсарлана жауап берген құмырсқа бейнесі суреттеліп қана қоймай,патшаға ой салып әскерін кері шегіндіргенінің арқасында осылай алда болуға тиісті ұрысты бірнеше күнге кейін шегере тұру ,ақыр соңында пайғамбар сарбаздарының шешуші шайқаста жеңіске жетуіне мүмкіндік берген екен.

Бұл көрініс барысынан біз кіп- кішкентай құмырсқаның бойынан  ақылдың кенін, қайсарлықты ,көріп байқаймыз

Келесі бір аңызда Сүлейменнің сарай маңында серуендеп жүріп, жерден бір құмырсқаны көтеріп алып, сөйлескені туралы айтылады. Бұл жолы пайғамбар құмырсқаға мынадай сұрақ қояды:

— Жер бетінде менен ұлы жан бар ма? – деген сұрағына қаймықпай өзінің  жауабын

-Білемін, сен түкке тұрғысыз нәрседен пайда болғансың, сондықтан қатты ашулануға қақың жоқ, – деп бергені белгілі.

Бұл аңызда құмырсқаны жағымпаздық қасиеттен аулақ екенін анық байқауға болады. Бұл қасиет дәл қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан адамзат баласына ауадай қажет дүние.

Тағы бір аңыздарда құмырсқалардың жабылып жүріп, ұлы Сүлейменге сарай салып бергені туралы баяндалады. Олардың осындай бейнеткештігінен шығар, пайғамбардың көңілі толмаған әлдекімге: «Эй, жалқау, қане, құмырсқаларға бар, олардың ісін  көр де, ақылға келіп, данышпан бол!» дегені де біздің заманымызға қанатты сөз болып  жеткен.

Бұл аңыз арқылы өмірге адам бір – ақ рет келеді, сол берілген қамшының сабындай ғана қысқа өмірде жалқаулыққа бой алдырмай еңбектеніп  тіршілік ету керектігі айтылған.

Тағы бір аңызда ғұлама келе жатып құмырсқаның илеуін көреді де , бір құмырсқа-ны сөзге тартып тілдескені арқылы оның бойындағы қанағатын тексеріп көрмек болады.Ғұламаның жасаған сынағынан құмырсқа сүрінбей өтіп «қанағатшыл»  екенін дәлелдеп шығады.

Бұл аңыз арқылы адамзат баласы қанағат ете білуге үйренеді.

“Қанағат- қарын тойғызар”- деген қанатты сөз осыдан қалса керек.

Әлбетте, мұның бәрі аңыз. Дегенмен, әр аңыздың желісі мен мазмұнында шындықтың үзірлі үлесі, ақиқаттың айлалы астары жатады. Мұндағы басты түйін құмырсқалар тобының ерекше еңбекқор екендігін көрсетумен бірге өзінше ақыл-ойдың иелері екенін білдіруге саяды.

Ақын Д. Бабатайұлы  ел тәуелсіздігі үшін күресте қазақ халқының алауыз болмай, бірлігі шығым болуы шарт екенін де атап айтады. Бұл мәселеде ол құмырсқаның тірлігін үлгі етеді.
Сендер түгіл құмырсқа Бір орыннан табылып,
Ісін қойып дұрысқа. Біріне –бірі бағынып,
Илеуін сап жабылып, Береке бірлік шақырды.
Жемін толып сабылып,
Жәндіктің ең кішкенесі құмырсқа да бірлесе илеуін салады, тірлік үшін күресіп, дамыл таппайды.

Біз сол құмырсқа құрлы бірлік-тірлік жасауға тиіспіз деп, халық намысына тиеді. Дулаттың осы бір пікірін кейін ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсаринде қайталап, оқушыларын еңбекке, бірлікке тәрбиелеген еді

Аяз  әліңді біл,

Құмырсқа жолыңды біл.” – деген  шешендік сөзді алар болсақ әрине дауды шешу үшін тауып айтылған сөз , бірақ халық арасына  адам мен құмырсқа обрызы арқылы танылып кеткен. Бірақ негізгі дауда Аяз бен Құмырсқа деген екі  азаматтың мәселесі қаралған еді.

Ауыз әдебиет үлгілерінде құмырсқа туралы жұмбақтарға тоқталсам.

Қиналып көтеріп,

Өзіңнен ауырды.

Жорғалап кетеді,

Жүкшідей кәдімгі                          (құмырсқа)

Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын шартты түрде көшірме-аударма және сарындас-аударма деп екі топқа бөлуге болады. Абай Крыловтан барлығы 13 мысал аударған.  Абай атамыз  көбінде Крылов мысалының жалпы мазмұнын алады да, өзінше еркін баяндайды. Атамызда  дәл, көшірме-аудармадан көрі сарындас-аударма басым. Кейбір аудармалар қазақтың төрт жолды шумағы бар 11 буынды өлеңімен аударылған. Абай мен Алтынсарин жеті-сегіз буынды жыр алуандас өлеңмен айнымас өлшеуге бағындырып, қысқа жолмен аударады.  Көпшілікке   тез , оңай меңгеріледі, тәрбиелік мәніне де назар аудара білген.

“Шегіртке мен құмырсқа ”  аудармасында , адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді салыстырмалы түрде сауатты  көрсете білген. Болашақ жастарға тәрбиелік мәні жоғары туынды болып шыққан.

Қорыта айтатын болсам  бұл жұмысты жазу барысында  маған   құмырсқалардың  еңбекқорлығы , бауырмалдығы  ұнаған болатын. Ауыз әдебиетін байқап отырсаңыз да  түрлі ақын- жазушыларымыз  үлгі ретінде шығармаларының басты кейіпкері ретінде көптеп кездесетінін байқап. Өзі кішкентай ғана жәндік болғанына қарамастан адамзат баласына  тәрбиелік мәні зор кейіпкер ретінде қарастырдым.

Сол жәндіктің іс- әрекетіне қарап отырып адам баласы өзіне есеп беріп, өзін- өзі тәрбие ала- алатынына көз жеткіздім. Осы мақсатпен   мен  ғылыми жұмысымды бастаған едім. Шынында да әлі жұмбаққа толы құмырсқалар тіршілігіндегі өзімізге белгілі жақтардың өзінен біздің алатын тағылымымыз көп қой. Ізденісімнің  арқасында менің де өмірге  деген көзқарасым өзгеріп , тұла бойымда жаңа  қызығушылық серпілісі пайда болғанын сезінемін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Уикипедия – ашық энциклопедиясы
  2. Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған.

– Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет

3.М. Ғабдуллин   Қазақ халық ауыз әдебиеті      1974ж

  1. Ә. Қоңыратбаев Фольклор тарихы
  2. М. Әуезов Әдебиет тарихы 1991ж
  3. Мақал- мәтелдер жинағы
  4. Жұмбақтар жинағы