Қазақ хандығының құрылуы ашық сабақ

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
  2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  3. Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес

Сабақтың типі:аралас сабақ

Пән аралық байланыс: география, әдебиет, математика.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, БИС технологиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі:  видеопроектр, карта, суреттер, сызба, постер.

І. Ұйымдастыру: Амандасу, сабақ дайындығын тексеру. Түгендеу.

ІІ. Үй  тапсырмасын тексеру:Сұрақ-жауап. Жеке жұмыс.

  1. «Қазақ» деген этносаяси қауымдастықтың қалыптасқан кезені: (ХІV ғасырдың аяғы – ХV ғасырдың бірінші жартысы)
  2. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуына басты рөл атқарған: (Ақ Орда тайпалары)
  3. Рузбихан дерегіндегі үш халық: ( 1. Шайбанилер- олар түркіленген монғол тайпалары, Қазақтар,  3. Маңғыттар мен ноғайлар)
  4. «Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері: (Таңбалы Нұра)
  5. «Қазақ», «оғлұм» сөзі кездесетін дерек: (Орхон-Енесей)
  6. Қаладағы басқа саладағы жұмысты басқаратын маңызды адамдар: (даруғалар)
  7. Ақ Орданың орнына келген мемлекет: (Әбілқайыр хандығы)
  8. Әбілқайыр хандығының орталығы, Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасында тоғыз жолдың торабында саудаға ыңғайлы қала: ( Сығанақ)
  9. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл: (1397 ж)
  10. Йассауи кесенесінен 60 м жерде 5 бөлмеден тұратын кесене: (Рабиға бегім кесенесі)
  11. ХV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген аймақ: (Түркістан аймағы)
  12. Қазақтар халық ретінде кімнің тұсында ерекшелене бастады: (өзбек хан кезінде)
  13. ХІІІ ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: (Еркін, Кезбе)
  14. «Алаш» аңызында айтылған үш жүздің негізін қалаған: (үйсін, болат, алшын)
  15. ХІV-ХV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты: (Кодекс Куманикус)
  16. «Қазақ» сөзі пайда болған уақыт: (Көне түркі дәуірі)
  17. «Тарихи-и-Рашиди» еңбегіндегі құнды дерек: (Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлінуі)
  18. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген: (Батый)
  19. Жошы ұлысының жерінде құрылған алғашқы мемлекет: (Алтын Орда)
  20. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан: (Тоғылық Темір)
  21. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Терек өзені жағасындағы шешуші шайқас уақыты: (1395 ж)
  22. Ақ Ордадағы қарапайым қауым атауы: (қараша)
  23. Ноғай ордасындағы басым тайпа: ( маңғыт)
  24. Әмір Темірдің билік жүргізген жылдары: (1370-1405жж.)
  25. Әбілқайыр Самарқанды басып алған жыл: (1446 ж)

ІІІ. Жаңа тақырып:Қазақ хандығының құрылуы.

Жоспар:

  • Мемлекеттің негізін қалаушылар
  • Қазақ хандығының жер аумағы
  • Этникалық құрамымен көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының  негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына    1457-жылдан кейін Керей  мен  Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған  қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер — «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—1466)  билей бастады…».
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.

 

 

 

Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі
Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруға ұмтылуы
Алым –салықтың көбеюі
Моғолстан билеушісі мен Қазақ сұлтандарының келісімге келуі
Әбілқайырдың ойраттардан соғыста жеңілуі
Әбілқайыр хандығындағы ру  тайпаларының  саяси жағдайы
Қазақ хандығының құрылу себептері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.

Видеопроектр арқылы ЦОР көрсету.

Топқа стикерді таңдау арқылы бөліну.

Топтарға тапсырма беру.Топтық жұмыс.Берілген тақырыптар бойынша постер қорғау.

  1. Топ. Мемлекеттің негізін қалаушылар
  2. Топ. Қазақ хандығының жер аумағы
  3. Топ. Этникалық құрамы мен көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы

ІV. Бекіту:

  1. Тапсырма. І топ. Сәйкестендірутесті.
  2. 1312-1342 Ұрыс
  3. 1227-1255 Өзбек
  4. 1361-1377 Батый
  5. 1370-1405 Әмір Темір
  6. 1380-1395 Есенбұға
  7. 1428-1468 Тоқтамыс
  8. 1433-1462 Әбілқайыр
  9. Тапсырма: ІІ топ. Кесте толтыру.Кестедегіберілген жүздердің тайпаларын жазу.
ЖүздерТайпа аттары
Ұлы жүзЖалайыр, Дулат, Қаңлы, Ошақты, Сарыүйсін, Шапырашты, Сіргелі, Ысты, Албан, Суан, Шанышқылы.
Орта жүзАлты атадан тұрады, «Алты арыс» дейді; Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ.
Кіші жүзБайұлы, Әлімұлы, Жетіру Адай

 

  1. Тапсырма: ІІІ топ. Математикалық ойын.
  2. 2014+2015-2572= 1457 жыл(Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі)
  3. 552+1206 — 293=1465 жыл(Қозыбасыда Қазақ хандығы құрылды)
  4. 603*7-2756=1456 жыл(Дайырқожа би Қобланды батырдың қолынан қаза тапты)
  5. 704+145+609=1458 жыл(Керей сұлтан хан сайланды)
  6. 46*16+738=1474 жыл (Керей хан қайтыс болды)

 

  1. Қорытындылау: Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

VІ. Үй тапсырмасы: Кесте толтыру, мәтінді оқу.

VІІІ. Бағалау: БИС технологиясындағы матрица арқылы бағалау.