Маусым ғажайыптары

 

Тақырыбы: Маусым ғажайыптары

Мақсаты:


Оқушыларды ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялын шыңдап  шығармашылыққа баулу. Топпен жұмыс жасай отырып,  оқушылардың таным белсенділігін арттыру. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, мазмұнды суреттер.

Түрі: Іскерлік ойын.

Әдісі: Түсіндіру, топтау, сұрақ-жауап, СТО элементтері, АКТ технологиясының

элементтері

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. (Слайдтағы күн сөйлейді)


Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

ІІ. Кіріспе.

Жүргізуші:

Табиғат әсем қыста да,(қыс көрініс)

Соғар боран-бұрқасын.

Ақ мамыққа орайды

Әрбір бұтақ, бұтасын.

Табиғат әсем көктемде,    (көктем көрініс)        

Жайнап жасыл желектер.

Гүлдер шағы жеткенде

Ұшқат, мойыл, жидектер.

Табиғат әсем жазда да,        (жаз көрініс)

Маужырап бір балқиды.

Ауасы да ыссы, таза да,

Шайыр иісі аңқиды.

Табиғат әсем күзде де,    (күз көрініс)

Жерге алтындай жарқырап.

Бұтағында көктерек,

Төгіледі жапырақ.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!  3 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Маусым ғажайыптары» іскерлік ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

(Музыка табиғат дыбыстарын жіберу)

Ертегі:

Ерте, ерте, ертеде Жыл есімді ата  болыпты. Ұлдан өрбіген немересі болыпты. Оның балалары мен немерелері бір-біріне ұқсамаған мінез-құлықтары әр түрлі болыпты. Ендеше Жыл атамызды ортаға шақырайық.

Жыл ата:

Сәлем ата-аналар,

Айналайын балалар.

Халқым менің аман ба?

Жаса жайлы заманда.

Уақыт үдеп келдім мен

Бақыт тілеп адамға.

(Балалар ортаға шеңбер болып тұра қалады)

  • Сәлеметсіз бе, ата?
  • Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті немерелерім.

Жыл атаның сөзі:

Әрқайсыларың өсіп жетілдіңдер. Енді сендер халыққа қызмет етесіңдер. Әрқайсыңның мінездерің әр түрлі, сол себепті мен сендерге арнап жұмбақ жасырайын.

Жұмбақтар: Бұл қай кезде болады?

  1. Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып.

Сырғанап жастар ойнайды.

Айтыңдаршы балаларым

Бұл қай кезде болады?   (Қыс)

  1. Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салаға құяды.

Бүршік шашып, жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады.

Айтыңдаршы балаларым

Бұл қай кезде болады?   (Көктем)

  1. Өрік, алма, жидек, жүзім піседі,

Қауын-қарбыз, қияр-сәбіз дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп, қырман дәнге толады.

Айтыңдаршы балаларым

Бұл қай кезде болады?   (Жаз)

  1. Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман болады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы балаларым

Бұл қай кезде болады?   (Күз)

(Оқушыларды жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу)

Жыл ата: Міне, сендер енді өз ерекшеліктеріне қарай бөліндіңдер. Енді мен сендердің өнерлеріңді тамашалаймын.

Жүргізуші:

Дұрыс айтасыз, ата. Сіз отырып демалыңыз.

(Тапсырмалардың жүру барысы)

Жүргізуші:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Ой шақыру

— Балалар, мен кімнің өлеңін оқыдым.

                   * Ассоциация

Міндеті: Оқушылар Абай туралы не білетіндерін ортаға салып, жинақтайды.

«Абайды таны» минуты.(Топтар жұмыстарын орындап іледі, қорғайды)

1-топ: Абай кім? (Өмірі мен қырлары)

2-топ: Абай-ақын.  (Өлеңдері)

3-топ: Абай-аудармашы.   (Аударған мысалдарының атын жазу)

4-топ: Абай-сазгер.  (Әндері)

  • Поэзия минуты.

Жүргізуші:

Абай табиғат туралы өлең жазған лирикақын. Ендеше, әр топ өздеріңе байланысты бір өлеңін мәнерлеп оқу.  (Слайд)

1-топ: «Қыс»

2-топ: «Жазғытұры»

3-топ: «Жаз»

4-топ: «Күз»

Жүргізуші:

Жарайсыңдар, балалар!

Абай атамыз табиғатты жырға қосып жазған 4 өлеңін айтып отырсыздар. Табиғатты біздің көз алдымызға келтіретін тағы да қандай өнер иелерін білесіңдер?  (суретшілер)

(Слайдсуретшілердің туындыларын көрсету)

Әбілхан Қастеев ( 2 суреті) –Ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салған, аса талантты суретші.

Қанапия Телжанов

  • Бояулар сыр шертеді.

(Баяу музыка әуеніне ілесе отырып сурет салу)

 

  • Тыныштық сәті

 

Чайковскийдің «Времена года» әуенін тыңдату.

 

Чайковский Петр Ильич –дирежор педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. Музыка әлемінде өз орны бар дара дарын  иесі, ұлы орыс  композиторы. Ресейдің Воткинский қаласында 1840 жылы дүниеге келді. Музыкалық қабілеті ерте байқалып:5  жасында фортепиано аспабында ойнап, ал 3 жылдан кейін нота оқып, шағын өз шығармаларын жазып бастаған. Мәскеу қаласының ең жоғарғы музыкалық бідім беретін оқу орны консерваторияға түсіп, үздік бітіріп шығады. Петр Чайковский музыкасында ерекше әсемдік, сұлулық қайталанбас мәні бар. Ол көптеген симфониялар, опералар, фортепианоға арналған шығармалар жазды.  Мысалға: Ұста Вакула, Евгени Онегин, Пиковол дома операларын, Аққу көлі, Ұйқыдағы ару, Щелкунчик балеттерін, Кішкене балаларға арналған арнайы  Балалар альбомы, жыл мезгілдері атты музыкалық жинақтарын жазған. Композитордың танымал шығармаларына « Жыл он екі ай» циклі жатады. Циклда жыл мезгілдері, 12 пьесадан тұрады. Әр пиесса атына сай сол айдағы табиғат көрінісі мен одан нәр алған адамның көңіл күйін бейнелейді.

 

Қаңтар- «Камин жанында»                                             Шілде – «Шалғышының әні»

Ақпан-«Масленица»                                                            Тамыз – « Егін ору»

Наурыз- «Бозторғай әні»                                                    Қыркүйек- «Аңшылық»

Сәуір – « Бәйшешек»                                                           Қазан – « Күз әні»

Мамыр – «Ақ түндер»                                                         Қараша- «Үш ат жеккен шана үстінде»

Маусым – «Баркорама және Балықшы әні»                   Желтоқсан  — « Свьяткий діни мейрамы»

 

Жүргізуші:

Маусым ғажайыптарын Абайдың тілімен ұғып, Суретшінің қылқаламынан таныдық. Енді міне, әуен арқылы жүрегімізге ұялатайық. Ендігі кезекті маусым сазына береміз.

  • Маусым сазы.

1-топ:

2-топ: «Шақырады көктем»

3-топ: «Қошақаным»

4-топ:

Жүргізуші:

(слайд ) Ендігі кезекті табиғатШебердің қолымен деп аталады.

Тапсырма: Әр жыл маусымы Аппликация жасау.

Қорытынды:

Жыл ата:

Міне, балаларым, сендердің өнерлеріңді тамашалап, қайран қалдым. Сендердің білетіндерің көп екен, ризамын сендерге.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажарлы ол сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялаңдар жүрекпен,

Ұсынамын ай аттарын ізгі ниет, тілекпен!

Жүргізуші:

Орман, тауы, сулары,

Қандай әсем нұр таңы.

Алуан түрлі аңдары,

Табиғат толы аңғары.

Мезгіл сайын өзгеріп.

Қыс та, көктем, жазы да

Күздері қандай жазира!

Ей, табиғат!

Шеберсің- ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің, -дей келе іскерлік ойынымызды аяқтаймыз.

Жыл маусымдарының бәрі жақсы.Әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері, сәні мен мәні бар, олардың біріншісі жақсы, екіншісі жаман дей алмаймыз. Бүгін сіздер соны түсіндіңіздер. Табиғат ананың сыйын қадірлей білейік. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!