көсемше туралы түсінік, олардың жасалуы мен түрлері жайлы толық мәлімет беру.

а)  білімділік: оқушыларға көсемше туралы түсінік, олардың жасалуы мен
түрлері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: калыпты сабақ.

Сабактың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.


Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Көсемше туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Көсемше де—етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі естістіктің негізгі етістік сыңары көсемше түлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты. Берілген сөйлемдегі ашылып қалыпты деген етістік көсемше түлғасында (-ып жүрнағы) жіктеліп келіп (III жақта -ты), іс иесінің қимыл-әрекетін белгілі бір шаққа байланысты білдіреді: төбесі (яғни ол—III жақ) ашылып қалыпты—өткен шақ. Сондай-ақ сөйлемдегі ашылып қалыпты деген күрделі етістіктердің алдыңғы негізгі етістіктер (ашылып) білдіріп түр, көмекші етістіктер (қалыпты) жаңағы негізгі қимылдың шағы (өткен шақ: қалыпты, оны білдіріп түрған -ып көсемше жүрнағы) мен қимыл иесінің жағын (III жақ—ол) білдіріп тү_р. Бүл—көсемшенің етістікке қатысты сипаты.

Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-әрекеттің тура өзін білдірмей, оның амалын, сынын, себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мәнінде жүмсалады. Мысалы: Түбімнен қатты үрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді. Берілген сөйлемдегі түсіріп алып деген көсемше тұлғалы етістіктер қимылдың, іс-әрекеттің нақ өзін емес, оның (қимылдың) амалын, сынын, мақсат-себебін білдіріп түр: қалай жейді?—түсіріп алып.

Сөйтіп бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің қүрамында (негізгі етістік болып) қимыл, іс-әрекетті білдіріп, екінші бірде қимыл, іс-әрекеттің өзін емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілінбілдіріп, екі түрлі мәнде (бірі етістік мәнінде, екіншісі үстеу мәнінде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаи соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 253-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Суретке қарап, жазғы тау көрінісі туралы мәтін қүраңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Қандай етістік түрлерін қамтыдыңдар? Көсемшелер бар болса астын сызыңдар.

Келесі тапсырма: 254-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістік жасаңдар.


Келесі тапсырма: 255-жаттығу жүмысының шарты: Мақалдардан көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, олардың кандай жүрнақтар арқылы жасалып түрғанын айтыңдар. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 256-жаттығу жүмысының орындалу шарты: Мәтінді түсініп
    окыңдар. Көсемшелерді теріп жазып, олардың жү_рнақтарын түбірден дефиспен бөліңдер.

Тексердім: