Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға тұйық етістік туралы түсінік, олардың жасалуы мен
тұйық етістіктің емлесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке т
әрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру,
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Түйық етістік—етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды.сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, бар-у, кел-у, т.б. бұл сөздер қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып түр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін темір құрал), сабау (жүнді сабайтын шыбық), т.б. сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді.

Тұйық етістік тікелей септеле де көптеле де, тәуелдене де алады. Бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктің емлесі.

  1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты
    болып жалғанады: бар-у, кел-у, т.б. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге т
    ұйық етістіктің
    -у жұрнағы дауыссы болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, т.б.
  2. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
    жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп
    кетеді де ол (у) дауысты болып есептеледі. Мысалы: о
    қы+у—оқу, тасы+у—тасу, т.б.
  3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
    жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ дыбысы ғ-ға,

к дыбысы г-ға айналып кетеді. Мысалы: ақ+у—ағу, кеп+б—кебу, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 260-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.

Келесі тапсырма: 261-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Тұйық етістіктерді тауып, қандай тұлғада тұрғанын ажыратыңдар, зат есім сияқты түрленуіне назар аударыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 262-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген
    сөздерді әрі тұйық етістік ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып, әрқайсысына екі сөйлем
    қ
    ұраңдар.