Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауған ардагерлері.

Қызылорда облысы

Жаңақорған кенті

№110 мектеп-лицейінің АӘД пәні  оқытушы-ұйымдастырушысы


Адилов Асылбек

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауған ардагерлері.

Мақсаты: Ауған ардагерлерінің ерліктерін дәріптеу. Ардагерлермен кездесу арқылы Отанын сүюге,батырлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар,оқушылар және бүгінгі кешіміздің қонақтары! Құрметті қонақтар, бүгінгі «Ауған ардагерлері » атты әскери-патриоттық кездесу кешіміздің мақсаты тарих қоржынының бір басында жатқан Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлұмат беру, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиелеу үшін ұйымдастырылып отыр.

2-жүргізуші:

Қазақстан-көк байрақты нұр едің


Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк, аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр.

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

1-жүргізуші:  Бүгінгі «Ауған ардагерлері » атты әскери-патриоттық кездесу  кешімізді ашып беру үшін  сөз кезегін мектеп-лицей директоры

Адилмырза    Таждиновқа   береміз.

2-жүргізуші: -Отан алдындағы қасиетті борышы мен парызын ерлікпен, батылдықпен атқарған және Ауған соғысында қаза тапқан ержүрек, әрі батыл қаһарман жауынгер ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!

1-жүргізуші: Ауғанстан туралы не білеміз? Мұсылман мемлекетінің жағдайы туралы хабардарсыздар ма? 1978 жылғы сәуір төңкерісінен басталған елдегі ахуал алапат үзік-созық соғысқа әкеп соқтырды.

Тарих беттеріне үңілсек…Бүгінгі кеште  бізде  Ауған соғыс ардагерлерің таңыстырып өттейік .

Жаңақорған аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығы майор Сабыржан Әлімбетов

Аудандық білім бөлімінің  әдіскері Қайрат Оралбеков.

Ауған соғысы  ардагерлерінің төрағасы:  Қуаныш Аблаким.

Мырзахметов Жалғас.

Әуелов Ермек.

Ахметов  Бектұрсын

Мырзатаев Батырша

Азамов Асанхан

Ауған-Тажік шекарасының әскери борышын өтеген  Ғ.Мырзахметов

Ән. «Алға Қазақстан» орындайтын Абдулла Қанат

2-жүргізуші:

Армысың Ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің  мың  жаса  — демекші, оқушыларымыздың арнайы дайындаған   «Тағдырын білем ауған даласының » өлең жырларына кезек берсек.

9 сынып оқушылардың  өлең жырларың қабыл алыңыздар.

Ән- «Атамекен» орындайтын  Мұхтар Нұржігіт.

1-жүргізуші:

« Тағдырын білем ауған даласының»

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,

Сұрапыл майдан бопты қасіретті.

Дұшпанмен бетпе-бет көп шайқастарда

Жасқанып шегінбеген, тайсалмаған,

Отан үшін бас тігіп айқасқанда,

Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкүм, ардагерлер!

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті

Тастаған енді ер жетер шақта қырып,

Кектерін олар үшін заман алар.

Кебенек киген ұлын аттандырып,

Қабірін құшап қалған аналар бар.

Ешбір қауіп Отаныма төнбесін,

Шамшырағы еш отаудың сөнбесін.

Берік болсын керегесі елімнің,

Жас ұрпағым, мұндай соғыс көрмесін.

Сөз кезегің қонақтарға берелік——.Жаңақорған аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығы майор Сабыржан Әлімбетов  ағай.

Мектебіміздің 1997 жылы туылған жас өспірімдеріне құжат тапсыру рәсіміне куә болайық.

Ән :орындайтын «Қазақтай ел қайда»  орындаушы:   Асқар Жандаулет.

2-жүргізуші

Аудандық білім бөлімінің әдіскері жастарды әскери-патриоттық  рухта  тәрбиелеп жүрген  Қайрат Оралбековке  сөз кезегін берейік.

Келесі кезекті биге берейік. Ортада 8 сынып оқушыларының «Катюша» биің қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,

Біз сәндікке кемегенбіз шалбар менен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп  борышты,

Аттандыңдар,атқардыңдар соғысты-    демекші сөз кезегін Ауған ардагерлеріне береміз.

Ауған соғыс ардагерлерінің төрағасы——-Қуаныш Аблакимге сөз кезегін берейік.

« Соңғы хат»  Боздақтар мәнерлеп оқу  8 сынып оқушысы  Ораз Нурила.

Ән —   Мұхтар Нүржігіт  « Елім менің»

2-жүргізуші:

Киеліндей жүретін кіл есінде

Кір түсірме ел деген ұл есімге.

Атамекен-бақыты бабалардың                                                                                                     Жеңіп алған сан ғасыр күресінде.

Күндерімен,түнімен, гүлдерімен

Өзіңдікі ол сенің білесің бе?

Ел де сені сүйеді кезегінде,

Өмір бойы жүреді ол өзегінде. Күләш Ахметова жырлағандай мектебіміздің оқушылары, қазақ елінің болашақ жас ұландары ерлік істерді үлгі етіп , Отанымыздың іргесін қорғайтын патриоты боларына сеніміміз мол!

1-жүргізуші:

Ардагерлерге оқушылардан естелік қабыл алыңыздар:

Ән     «Жаса Қазақстан»орындайтын Асқар Жандаулет.