Г г дыбысы мен әрпі

Сабақ тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:Оқушыларға Г г дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру.

  1. Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамыту.
  2. Тәрбиелілігі: Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе әріптер, гүлдер, ақ көгершін, суреттер, т.б.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, рольге бөлу, ой қозғау, сұрақ-жауап,  ойын, т.б

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзге сабақтардан ерекше. Себебі, сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтарға өздеріңнің білімді, озат, тәртіпті оқушы екендіктеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма?

-Жарайсыңдар! Ендеше, сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!

-Олай болса, алдымен үйге берілген тапсырмаға көшейік.

  1. Өткен сабақ. а) – Қандай тапсырма берілді? — Кім кінәлі? өлеңі. Көрініс көрсету. (мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп ойнату, қара сөзбен мазмұнын сұрау). ә) – Қандай әріппен таныстық? – Ү — қандай дыбыс? – дауысты,жіңішке.

Электронды оқулық.  Үү –№0, №5 слайд.


  1. Бекіту сұрақтары.
  2. Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді? — 2-ге, дауысты, дауыссыз
  3. Дыбысты не істейміз? — естиміз, айтамыз.
  4. Әріпті не істейміз? — көреміз, жазамыз
  5. Әріптерден не құралады? — сөз
  6. Сөзден не құралады? – сөйлем

 

  1. Сөйлем қандай әріппен жазылады? — бас әріппен 7. Сөйлемдерден не құралады? – мәтін
  2. Жаңа сабақ. — Ал, балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын

Аналарға сыйлайтын

Аралар бал жинайтын

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын. ( гүл ) — Гүл – дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? – Г . Олай, болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г г дыбысы мен әрпі. Интерактивті тақтада Электронды оқулық №0,№1. Гі-гі айту Г дыбысы туралы түсінік 1.дауыссыз дыбыс 2.ұяң дыбыс 3.сөздің басында, ортасында келеді. 5.тіл арқылы жасалады 6.шұғыл айтылады Гүл туралы айту Гүл күлтесін құрау 5.Ой қозғау Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде,тойда,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.

Оқулықпен жұмыс.Бағандағы сөздермен жұмыс Е гін – егіс алқабы,бидай егетін алқап Е геу – үй шаруасында қолданылатын құрал Е гіз – бірге туған екі адам Сегіз – сан,жетіден кейін келетін(математикада алдынғы уақытта өтеміз) Ке ре ге – киіз үйдің бөлігі(шаңырақ,уық,кереге) Бе те ге – шөптесін өсімдік(бетегеден биік, жусаннан аласа) Ше ге – үй шаруашылығына пайдаланады. Ағаш қағатын зат. Не ге – сұрақ. Шең гел – тікенді өсімдік Мез гіл – уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.

Оқушыларға тізбектеп оқыту

Ақ көгершін әнімен танысу. Автор туралы айту.

1.Көгершін туралы айту.

Көгершін – дүниежүзіндегі халықтардың бейбітшілік құсы. Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс.

2.Өзім мәнерлеп оқу

3.Оқушыларға тізбектей оқыту

4.Әнімен айту

5.Ертегі тыңдау

Дәптермен жұмыс

№2 слайд. Дәптерге бас әріп, кіші әрпін жазу

Ауада жазып көрсету.

Сергіту жаттығуы

Шығармашылық жұмыс

№4,5

Бекіту: №7 слайд

Қорытынды,мадақтау.

Үйге: Бағандағы сөздерді оқу.