Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Сабақтың максаты:
а) білімділік: оқушыларға етістік, оның түрлері, оның сөйлемдегі синтаксистік
қызметі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаггылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Үйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекші мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгелдеу.
- Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
- Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
- Дәптерлерін алмастыру.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Етістік сөйлемде мынадай синтаксистік қызметтерді атқарады:
- Етістіктер жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сүлтан Бейбарыс биыл мектепке барды. Мен жүмысымды жалгастырудамын.
Есімше және түйық етістік атау септікте түрып, сөйлемде бастауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Ізденген жетер мүратқа. Оқу—білім бұлағы.
- Есімше және түйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде түрып,
сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Білгенге маржан, білмеске арзан. Біз
енді жарысуға кірістік. - Есімшелер және ілік септігіндегі түйық етістік сөйлемде анықтауыштың қызметін
атқарады. Мысалы: Оқудың шегі жоқ. Ақыл—тозбайтын тон, білім-таусымайтын кен. - Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін
атқарады. Мысалы: Ол күлімсіреп қарады. Оны жеңу үшін күш керек.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 263-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Түйық етістіктерді тауып, олардың қандай сетіктерде түрғанын ажыратыңдар.
Келесі тапсырма: Қалаған мәтіннен етістіктерді тауып, олардың сөйлемдегі синтаксистік қызметін белгілеп, жазып шығыңдар.
Сабақтың қорытындысы:
- Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
- Үйге тапсырма: қалаған шығармадан үзінді алып, сол үзідіден етістіктерді тауып, олардың сөйлемдегі синтаксистік қызметінг жазып шығыңдар.