Сатқын жапалақ
Пәннің аты. Әдебиеттік оқу | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Сатқын жапалақ | ||
Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы Түрі | Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұнын ұғынып, ой түйін шығару. Міндеттері: — халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру. Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Оқыту үшін бағалау, Оқудағы көшбашшылық, АКТ. Стратегиялық іс әрекет: «Ой шақыру», «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау» | ||
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту | Жұмбақ шешу. Қызығып әр адам Ұстап ап даладан Жүнінен жұлып Бесікке қадаған Бұл қай құс? ( үкі)
Туысы дейді құстардың Інісі дейді тышқанның Тышқан да емес, құс та емес Екеуінен тыс қалдым ( жапалақ)»
| ||
Тапсырма | Топтық тапсырма 1-топ Жоспар құру а) Патшаның жарлығы б) Үкінің бауырмалдығы в) Жапалақтың сатқындығы 2-топ Ертегідегі құстаға мінездеме беру Үкі- ақылды, бауырмал,батыл Жапалақ – өз басын ойлайтын опасыз, сатқын Көкжендет – мейірімсіз, жағымпаз 3- топ Ертегідегі құстардың суретін салу Сүлеймен патшаның жарлығын сызба бойынша дәптеріңе жаз. | ||
Қызықты мәліметтер» кезеңі Үкі – негізінен орманды мекендеп, жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Жұптарын өмір бойы сақтайды.Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.Қазақта үкінің қауырсыны пәле-жаладан сақтайды деген ұғым бар. Байғыз— жапалақ тәрізді.Орман байғызы, торғай тәрізді байғыз деген түрлері бар.Жартастағы үңгірлкерге ұя жасап, төрт-алты ғана жұмыртқа салады.Салмағы 195-260 грамдай болады. Жапалақ қауырсындары қалың және қопсып тұрады. Сондықтан ұшқанда дыбысшығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздептабады.Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген.Жемсауы болмайды. Сергіту сәті. Ұшты – ұшты» ойыны ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Кімдер және не жайлы? Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады?
| |||
Ой толғаныс | Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеру және өзін, достарын бағалау. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. Оқушылар өзінің дайындалып келген эссені оқиды. Әр топ бойынша басбармақ бойынша бағалау | ||
Үйге тапсырма | Мазмұндау | Күнделіктеріне жазып беремін | |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
| Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс | Екі жұлдыз, бір тілек Ертегіден алған әсерлерін тілек ағашына қағазға жазып жапсырады
|