Тарихи интеллектуалды сабақ тақырыбы: Ауған асуында от кешкендер!

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№110 мектеп-лицейінің АӘД  пәні оқытушы-ұйымдастырушысы


Адилов Асылбек

Тарихи интеллектуалды сабақ  тақырыбы: Ауған асуында от кешкендер!

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету

Көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер,слайдтар
Түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр — сұхбат, түсіндіру, сайыс)

Жоспары:
І. Кіріспе (ашылуы, қонақтарды таныстыру)
ІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына баяндама.
ІІІ. «Сыр сұхбат» ауған соғысының ардагерімен сұхбат жүргізіледі.
ІҮ. «Біздің қайсар ұландар» сынып оқушылары арасында яғни, ұлдар арасында жүргізілетін сайыс.
Ү. Қорытынды.

Барысы:
1 – жүргізуші
Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауған асуында от кешкендер!»  тақырыбында өтетін  тарихи интеллектуалды сабағымызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі интеллектуалды сабағымызға  қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
Ауған соғысына қатысып, соғысты өз көзімен көріп келген Мырзахметов Жалғас, Ауелов Ермек, Ахметов Бектұрсын ағаларымзға қош келдіңіздер дейміз.


1-жүргізуші: Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, оқушыларға білім беру азаматтық парызым деп білетін

2-жүргізуші: сонымен қатар, ауған соғысы ардагерлері жалпы ардагерлер семинарларын облыстық деңгейде жақсы өтуіне атсалып жүретін,

1-жүргізуші: тәрбиелілік маңызы бар, патриоттық  іс-шараларды ұйымдастыруда алдына жан салмайтын Адилов Асылбек ағайды сабағымызды ашып беру үшін алдарыңызға шақырайық.

 

ІІ. «Ауған асуында от кешкендер». Ауғанстан соғысы тарихына баяндама.
1 – жүргізуші
Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың тарихын сөз етейік.
1-оқушы: Гүлсінай

2-оқушы: Ақжұлдыз

3-оқушы: Ұлзира
1 – жүргізуші:
— Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар!

Ардагерлер ойы.

2 – жүргізуші
Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде «Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз.
Ұрпаққа аманат
Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл — қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан

Ел үшін қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар — ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

1 – жүргізуші:
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.
ІІІ. «Сыр  сұхбат»

1-жүргізуші: «Сыр сұхбат» алаңына келіңіздер. Сіздермен сұхбаттасып, әңгіме жүргізетін сыныбымыздың озат оқушы Айнұр.

 

Айнұр:

Біз соғысты көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарынан, теледидардан, мұғалімдерімізден, оқулықтардан оқып, біліп жатамыз. Ал енді бүгін кездесудің, сұхбаттасудың сәті түскен екен, ендеше ойымызда жүрген сауалдарымызды қойып, жауабын біліп алайық. Қанша дегенмен көзбен көрген кісінің әңгімесі басқаша болады емеспе. Сұрақты бастап қоя берсек рұқсат па?

Соғыс қалай басталды? Сіздерді майдан даласына ерікті түрде алып кетті ме әлде күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау арқылы ма?

Айтыңызшы, ауған соғысы өте қатал болды. Тіпті, баласынан айырылған аналарда, баласының соғыста қайтыс болғандығын ешкімге білдірмеу, айтпау керек болды дейді.  Бұл қаншалықты рас, шындыққа жанасады ма?

Майданға қанша жас аралығындағы азаматтарды алды? Және де біздің Жаңақорған ауданынан соғыс даласына қанша адам аттанды, майданға кеткен азаматтарымыз түгел оралды ма?

Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп

жүрсіз?
5)   Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп

ойлайсыз?
6)   «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған

дұрыс деп ойлайсыз?

Т.б. сұрақтар қойылады.

 
1 – жүргізуші:
Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі жас ұрпақ, Ертеңнің  тірегі. Қазіргі кезде жастарға көп міндет жүктелгенін білеміз. Міндет деп айтуға да келмес, дұрысы барлық жағдай жасалып жатыр. Аллаға шүкір, мұң мұқтажымыз жоқ, мынадай кең сарайдай мектепте білім алудамыз.  Бірақ біз бүгінгі жас ұрпақ, болашақта ел тірегі болатынымызды ұмытпауымыз керек.

1-жүргізуші: Сол үшін сыныбыздың қайсар ұландарын сынамаққа бел будық. Қазағымның қара нардай жігіттері дайынбыз ба?

 

Оқушы: Сұлтан
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
әрине, дайынбыз!

 

ІҮ. “Жауынгер жасұлан” сайысы

Блиц сұрақтары

  1. “Кім жылдам” ойыны
  2. “Әуенді тап” ойыны
  3. Жағдаяттық сұрақтар

1.Блиц  сұрақтары
1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
14
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
1995 жылы 30 тамыз
3. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР — да қандай ордендер беріледі.
«Отан» ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі), «Айбын» ордені (3 дәрежелі),«Парасат» ордені «Достық» ордені (2 дәрежелі),«Құрмет» ордені,«Барыс» ордені (3 дәрежелі)
4. Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды?
1992 жылы
5. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі кім?
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

  1. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы заң шығарушы орган? Парламент
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті: Қазақстан Республикасын қорғау
  3. Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштерінің құрылымы?

Әуе қорғаныс күштері (авиация);

әуе қорғанысына қарсы әскер;

Артиллерия
«Кім жылдам» ойыны
1-жүргізуші: Сайыстың келесі шартында жігіттер винтовка яғни қаруды пайдалану жолдарын біле ме екен? Білсе, қаншалықты деңгейде білетінін  білу үшін, қаруды  шашып және жинап жарысуын қадағалаймыз (Олардың қанша минут немесе секунд ішінде шашып жинауы белгіленеді).

 

  1. Әуенді тап. әр қайсысы жеке жеке жауап береді.
    1. Елім менің /Б. Тлеуханов/
    2. Көк тудың желбірегені / Ақсұңқар Әбілтай/
    3. Айналдым елім / Жігіттер кв./
    4. Қазақ елі осындай /М. Арапбаева/
    5. Мен Қазақпын /Е. Құдайбергенов/
    6. «Атамекен» /Е. Қасанғалиев/ әндері

 

  1. Жағдаяттық сұрақтар. Карточкаларды алып, жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.

Жағдаяттық сұрақтар:

Шабуылда ұрысты кім басқарады?

Потриот ұғымын қалай түсінесің?

Әскерге сен не үшін барасың?

Командирді қорғау, сарбаз үшін не?

 

1-жүргізуші: Жауынгер жасұлан сайысы осымен өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытынды есебі шыққанша, ардагерлердің қаруды пайдаланудағы икемділіктері қандай екендігін байқайық. (ардагерлер қаруды шашып жинаудан өзара жарысады)

 

2-жүргізуші: Сайыстың қорытынды есебін жариялауға рұқсат етініздер! Ерекше көзге түскен оқушы ардагердің қолынан мақтау қағазын алып, марапатталады.

 

 

 

ІҮ. Қорытынды сөз / Ой түйін/
Жүргізуші: Құрметті ауған соғысының ардагерлері, көрермендер,  Бүгінгі «Ауған асуында от кешкендер!»  тақырыбында өткен  тарихи интеллектуалды сабағымыздан түйген ойларыңызды айта кетсеңіздер.  Ауған ардагерлеріне сөз беру

 

1 — Жүргізуші:
— Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

2 — Жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.