Есептік және реттік сан есім

Сабақтың тақырыбы Есептік және реттік сан есім

Мақсаты:

  • Білімділік:

Сан есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру, мәтін

мазмұнын ұғындыру ,алған білімдерін пысықтау, жетілдіру

  • Дамытушылық:

Сан есімнің түрлерін бір-бірінен ажырата алуға үйрету,

ойлау, есте  сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың

пәнге  деген   қызығушылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік:

Мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Білімді

саналы   азамат  болуға шақыру.

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық т.б.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет.математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру

А) Сұрақ-жауап (3минут).

  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімнің сұрақтарын ата?
  3. Сан есімнің қандай түрлерін білесіңдер?

Құрамына қарай Дара .күрделі

  1. Дара сан есім дегеніміз не?
  2. Күрделі сан есім дегеніміз не?

6.Тұлғасына қарай түрлерін ата? Негізгі,туынды

7.Мағынасына қарай түрлерін ата.        Есептік,реттік сан есімдер қалай жасалады?

8.Реттік сан есімнің жазылу емілесі  қалай жасалады?

ІІІ .Жаңа тақырып: сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту.

1слаид.Шығармашылық диктант.

*Сан есімдерді сөзбен жаз.құрамына қарай қандай сан есім екенін түсіндір.

3, 5, 11,  95, 550  /дара ,күрделі/

1қатар. Реттік сан есімге айналдыр

2қатар. Есептік сан есімді қатыстырып сөйлем құрап айт.

3қатар.  Реттік сан есімді қатыстырып сөйлем құрап айт.

2 слаид. Ребус шешу «.Күн жүйесі »деген сөз шығарып ,қорытынды жасау.

Оқулықпен жұмыс.

 

1-жаттығу .Сан есімдерді тауып түріне қарай ажырату.ауызша.Сан есім қай сөз табының алдында келіп тұр ? Сан есімдер тек зат есімнің алдында келеді.

2-жаттығу реттік сан есімге айналдырып жаз.екі сөйлем құрап жаз.

Сан есімді қатыстырып    мақалдар кім айтады?

*Өздеріне ауызша мақалдар айтқызу.мағынасын аштыру сан есімге сұрақ қоя отырып талдату.

3 слаид«Кім тапқыр?» ойыны.  Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қой

  1. 3 қатар. Мақалды көшіріп тақтадан жазу.

 

  1. ……………ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
  2. Білікті ……….. жығады,білімді ………. жығады.
  3. Жетіқарақшыны таныған,………….. күнде адаспас.
  4. 3-жаттығу. 3 қатар. Мақалды көшіріп тақтадан жазу

Сергіту сәті.      Ойлан. тап!

1.Аспанда   үш  түйеқұс  ұшып  келеді.  Аңшы  олардың  бірін атып алды Аспанда канша  түйеқұс    қалды?

2.Бір  жүз   екі құлақ  неше   адамның    құлағы?   \бір  адамның\

3.Үстелге  екі баласымен екі әке келіп отырды.Ортадағы үстелде  үш жұмыртқа бар.Төртеуі тең бөліп жеді. Соны қалай бөлісті? /  біреуден/

 

4слаид*Жұмбақты шеш.Сан  есімді тауып, сұрақ қой.Реттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр.

Бірінші буыным құс аты,\реттік\

Ал екіншісі- бояу түсі.\реттік\

Екеуін біріктіріп оқысақ,

Оңынан да, солынан да,

Ұлт болып шығамын

/қазақ/

4-жаттығу.Жұмбақты көшіріп жазып,шешуін табу./төрт,бес  /Реттік сан есімге айналдырып жаз.

Өзіндік жұмыс

5-слаид.Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.

 

К+2+лік,7+к,тү+1,к+3+ік,жел+90,6+бақан,8+көз.

 

6-слаид.Тыныс белгілеріне қарап  тіркестерді дұрыс оқы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты  бекіту.7-тапсырма.Берілген сан есімдерді«.Құбылу сағаты» бойынша өзгерт.Сұрақтарын айт.

 

2,3,6,7.реттік. есептік.жинақтық сан есімдерге өзгерт.

 

Сабақты қорытындылау.

 

1Сан есім дегеніміз не?

-Сан есім заттың санын,ретін білдіретін сөз табы.

2.Сан есімнің сұрақтары қандай?

3Сан есімдер тек зат есімнің алдына келеді.

4.Есептік сан есім заттың санан,реттік сан есім заттың ретін білдіреді.

5Реттік сан есім басқа сөз табынан жасалмайды.Есептік сан есімге –ыншы,-ншы,інші,-нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

 

Семантикалық карта толтыру. Берілген сөздерді тиісті бағанға орналастыр.

 

 

Сан  есімесептікреттік
Екінші
Он төрт
Елу
Жеті
Жиырма екінші

Бағалау, мадақтау.Өрнектерді оқу, сәйкестендіріп бағалау

 

 

Үйге тапсырма:5-жаттығу