Отбасы бюджетінің негіздері.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы бюджетінің негіздері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй экономикасы жайлы салдыстырмалы түсінік беру.Отбасы бюджетін дұрыс ұйымдастыруды,кіріс және шығыс көзін есептеуді үйрету,жоспарлауға,іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі:топтармен жұмыс,белсенді оқыту тәсілдері
Сабақтың көрнекілігі:бүктемелер,интерактивті тақта,кестелер,тест топшамалар ,жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс:математика,қазақ тілі.
1)Жалпы сұрақтар
1)Бюджет дегеніміз не? Отбасы бюджетінің түрлерін ата
Отбасы шығыны дегеніміз не? Отбасы кірісі дегеніміз не?
2)Презентациялар
1-топОтбасы бюджеті
2-топ Табыстарды басқару
3-топ Шығындарды басқару
4-топ Қаржылық жоспар
3)Отбасы бюджеті үлгілерін талдау
4 адамнан тұратын отбасы .Ері мен зайыбы 2 баласы бар.Балалардың бірі мектепке,бірі балабақшаға барады.Отбасы 2 бөлмелі жеке меншік пәтерде тұрады.Мектеп пен балабақша үй аумағында.Ал жұмысқа қоғамдық көлікпен барылады.Отбасы бюджеті төмендегідей жоспарланған.
Кірістер | Шығыстар |
Ер адам жалақысы 70000 Әйел адам жалақысы 60000 | Азық-түлік -50000 Коммуналдық қызмет- 10000 Балабақша төлемі-7000 Жолақы-6000 Тұрмыстық заттар-3000 Несие -20000 Жұмыс орнында түстену-10000 Күтпеген шығындар-10000 |
Қорытынды: |
2 адамнан тұратын жас отбасының бюджеті.Жұбайлар жұмыс жасайды.Жұмыстарына жаяу барады.Өздерінің жеке пәтерлері болмағандықтан ,пәтер жалдайды.Төмендегідей түрде отбасы бюджеті жоспарланған.
Кірістер | Шығыстар |
Ер адам жалақысы 50000 Әйел адам жалақысы 40000 | Азық-түлік -25000 Пәтерді жалдау- 35000 Тұрмыстық заттар-2000 Демалыс-3000 Киім-25000
|
Қорытынды: |
3 адамнан тұратын отбасы .Отбасында ерлі-зайыптылар мен 1 бала бар. Отбасы жеке меншік шағын пәтерде тұрады.Жаңа үлкен пәтер алу үшін ай сайын 70000 тенге ақшаны кіріс қорына салып қояды.Отбасы бюджеті төмендегідей жоспарланған.
Кірістер | Шығыстар |
Ер адам жалақысы -120000 Әйел адам жалақысы -80000 Қосымша табыс-20000 | Азық-түлік -40000 Коммуналдық қызмет- 10000 Көлік-5000 Тұрмыстық заттар-5000 Киім-25000 Демалыс-5000 Несие -20000 Балабақша-8000
|
Қорытынды: |
5 адамнан тұратын отбасы .Ерлі-зайыптылардың 3 баласы бар.Балалардың екеуі мектепке,бірі балабақшаға барады.Отбасы 3 бөлмелі жеке меншік пәтерде тұрады.Мектеп пен балабақша үй аумағында.Жеке көліктері бар.Отбасы бюджеті төмендегідей жоспарланған.
Кірістер | Шығыстар |
Ер адам жалақысы 100000 Әйел адам жалақысы 50000
| Азық-түлік -60000 Коммуналдық қызмет- 15000 Балабақша төлемі-7000 Көлік-10000 Тұрмыстық заттар-5000 Несие -30000 Демалыс-5000 Киім-30000
|
Қорытынды: |
5)Табыстар мен шығындарға жікте:
Инвестиция
Депозит
Сыйақы
Несиелер
Байланыс
Ойын-сауық
Сыйлықтар алу
Көлік
6)Терминдермен жұмыс
Активтер — иеліктегі барлық мүліктер
Міндеттеме — өтелуі тиіс қарыз немесе берешек
Баланс- отбасы бюджетіндегі шығын мен кірістің тепе-теңдігі
Ақша– кез-келген тауардың құнын өлшейтін балама құрал
Инфляция – ақшаның құнсызданып, тауар бағасының өсуі
Депозит – коммерциялық банктерге пайыздық үстем алу мақсатында салынған ақша
Несие – қайтарып беру және өсім төлеу негізінде ақша немесе тауарды беру
Бағалы қағаз – сатып алған иесіне кәсіпорындар табысының белгілі бөлігін алуға құық беретін құжат
7)Тест жұмысы.
8)Отбасылық бюджетті жүргізу құпиялары(кеңес алмасу)
9)Үйге тапсырма Ой-толғау
- Ақша ашпайтын құлып жоқ
- Ақша кетуге тырысады,есеп ұстауға тырысады
- Ақша тиыннан ,жылқы құлыннан өседі
- Ақша базарда бағал
10).Қорытындылау.