Үстеу туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Үстеу туралы түсінік. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға үстеу, үстеудің құрамдық түрлері жайлы толық
мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке т
әрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі,
  3. Журнал бойынша түгендеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Үстеу туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, т.б. сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Ескі Еділ көрген бұрын талай. Ауыл ілгері көшті берілген мысалдардағы бұрын, талай, ілгері деген сөздердің мағынасына, түлғалық ерекшелігіне қарасақ, бұрын сөзі көру іс-әрекетінің болған мерзімін, іске асу мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап беріп түр. Талай сөзі көру іс-әрекетінің мөлшерін білдіріп, қанша? (немесе қалай?) деген сұраққа жауап беріп тұр. Ілгері сөзі көшу қимылының мекенін (бағытын, орнын) білдіріп қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр.

Сөйтіп, бұл сөздердің қолданылуында мынадай ерекшеліктер байқалады. Біріншіден, мысалдардағы талданған сөздер қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздермен, яғни етістіктермен тіркесіп жұмсалған. Екіншіден, олар етістіктердің,яғни қимылды, іс-әрекетті, білдіретін сөздердің әр түрлі белгісін, қасиетін (мекенін, мезгілін, амалын, т.б.) білдіреді. Бірақ сөйлемде ондай мағынада қолданылған сөздердің бәрі бірдей үстеу бола бермейді. Мысалы: Тастан түлкі табылар аңдығанға. Еділ үшін егестік. Бұл сөйлемдердегі тастан (қайдан?) табылу іс-әрекетінің мекенін, Еділ үшін (не үшін?) егесу қимылының мақсатын білдіріп түр. Сөйте тұрса да, бұлар үстеу бола алмайды.

Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өргетуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстеу деп атайды.

 

 

 

 

 

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 269-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көшіріп, үстеулерді табыңдар. Сұрақ қою арқылы олардың қай сөзге қатысты екенін анықтаңдар.

Келесі тапсырма: 270-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Оқып шығып, үстеулерді табыңдар. Оларға өздері қатысты сөз арқылы сұрақ қойыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 271-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Үстеулерді тауып, с
    ұрақ қою арқылы қандай мағына білдіріп тұрғанын көрсетіңдер.

 


Тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, т.б. сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Ескі Еділ көрген бұрын талай. Ауыл ілгері көшті берілген мысалдардағы бұрын, талай, ілгері деген сөздердің мағынасына, түлғалық ерекшелігіне қарасақ, бүрын сөзі көру іс-әрекетінің болған мерзімін, іске асу мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап беріп түр. Талай сөзі көру іс-әрекетінің мөлшерін білдіріп, қанша? (немесе қалай?) деген сұраққа жауап беріп түр. Ілгері сөзі көшу қимылының мекенін (бағытын, орнын) білдіріп қалай? деген сүракка жауап беріп тұр.

Сөйтіп, бүл сөздердің қолданылуында мынадай ерекшеліктер байқалады. Біріншіден, мысалдардағы талданған сөздер қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздермен, яғни етістіктермен тіркесіп жүмсалған. Екіншіден, олар етістіктердің,

яғни қимылды, іс-әрекетті, білдіретін сөздердің әр түрлі белгісін, қасиетін (мекенін, мезгілін, амалын, т.б.) білдіреді. Бірақ сөйлемде ондай мағынада қолданылған сөздердің бәрі бірдей үстеу бола бермейді. Мысалы: Тастан түлкі табылар аңдығанға. Еділ үшін егестік. Бүл сөйлемдердегі тастан (қайдан?) табылу іс-әрекетінің мекенін, Еділ үшін (не үшін?) егесу қимылының мақсатын білдіріп түр. Сөйте тұрса да, бүлар үстеу бола алмайды.

Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өргетуге, грамматикалык түлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді устеу деп атайды.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 269-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көшіріп, үстеулерді табыңдар. Сүрақ қою арқылы олардың қай сөзге қатысты екенін анықтаңдар.

Келесі тапсырма: 270-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Оқып шығып, үстеулерді табыңдар. Оларға өздері қатысты сөз арқылы сү_рақ қойыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 271-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Үстеулерді тауып, сүрақ қою арқылы қандай мағына білдіріп түрғанын көрсетіңдер.

Тексердім: